AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кәсіпкерлерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

Кәсіпкерлерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

Заң мен тəртіп 27.10.2023, 04:10 973
Кәсіпкерлерге 2,4 млрд теңге қайтарылады
almaty-akshamy.kz

Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.


Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.


Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін «№3 Sk автовокзал паркі» ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген.


Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден жоғары қаражатты аударған.


Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы жеткізілді.



Сонымен қатар, көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 артық кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды.



Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #кәсіпкер #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);