ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Кәсіпкерлер үшін Ұлттық ақпараттық порталы іске қо...

Кәсіпкерлер үшін Ұлттық ақпараттық порталы іске қосылды

Нарық 11.07.2022, 16:00 1,712
Кәсіпкерлер үшін Ұлттық ақпараттық порталы іске қосылды
Сурет: Дереккөз
Процедураларды цифрлық форматқа көшіру көзделген

Процедураларды цифрлық форматқа көшіру көзделген


Өткен аптада Қазақстан саудасын жеңілдету жөніндегі Ұлттық ақпараттық порталы іске қосылды. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Tradeinfo.kz - сауда порталы экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін барлық сауда процедураларына арналған нұсқаулық болып табылады. Біз әртүрлі тауар түрлерін импорттауға, экспорттауға және транзиттеуге қолданылатын барлық қадамдық ережелер мен рәсімдерді бір жерде жинадық (тауарлар саны біртіндеп артып отырады). Біздің міндетіміз - сыртқы сауда қатысушысының қызмет түріне қарамастан талап етілетін рәсімдер, құжаттардың түрлері туралы ақпарат, құжаттарды толтыру тәртібі және т.б. қажетті ақпаратты бір жерден алатындай мүмкіндік жасау», – деп жазды Бақыт Сұлтанов. 



Министрдің айтуынша, негізгі міндет трансшекаралық сауданы барынша жеңілдету және процедураларды цифрлық форматқа көшіру. Бұл барлық қатысушылар үшін ыңғайлы, бүкіл процесті айтарлықтай жылдамдатады, бәрі ашық және оңай басқарылады.



«Біз басқа органдардағы әріптестерімізбен бірге кейбір қайталанатын талаптарды жою және жекелеген талаптарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сауда порталымен процесс жылдам жүретініне сенімдімін - біз порталды кәсіпкерлермен интегративті кері байланыс құралы ретінде қарастырамыз және бизнес қауымдастықтармен және уәкілетті органдармен сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша барлық идеяларды пысықтаймыз. Сайып келгенде, мақсат кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, трансшекаралық операцияларды оңтайландыру, сауда формальдылықтарын оңайлату, үйлестіру және автоматтандыру жөніндегі кешенді шаралар болуға тиіс. Осы мәселелердің барлығын біз ҚР Үкіметі жанындағы сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі Ұлттық комитеттің қызметі шеңберінде көтеретін боламыз», – деді министр.



Сауда порталы бойынша жұмыс 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді. 



«Бізге Еуропалық Одақтың қолдауымен Халықаралық сауда орталығы жүзеге асырып жатқан "Ready4Trade - Орталық Азия" жобасы үлкен көмек көрсетті. Халықаралық және Ұлттық консультанттардың, оның ішінде "Ready4trade - Орталық Азия" жобасының бас серіктесі - біздің "QazTrade" компаниясы қызметкерлерінің екі жылдық командалық жұмысының жемісі. Мен барлық кәсіпкерлерді порталдың ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын», – деді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.