Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерлер Үлкен Алматы каналымен тиімді бағада ш...

Кәсіпкерлер Үлкен Алматы каналымен тиімді бағада шарт жасай бастады

Әлеумет 06.04.2023, 22:00 921
Кәсіпкерлер Үлкен Алматы каналымен тиімді бағада шарт жасай бастады
Сурет: Ашық дереккөз

Мониторинг негізінде үш ұсыным әзірленген


Жергілікті кәсіпкерлер үшін жерді суғару арзанға түседі. Мемлекет басшысының адал бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, кәсіпкерлерге бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілер мен жасанды әуре-сарсаңдарды жою есебінен практикалық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.



"2023 жылы 6 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігімен, ауыл шаруашылығы басқармасымен, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалымен ирригациялық желілер саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг ұсынымының орындалуын талқылау бойынша өңір шаруаларымен кездесу өткізді", - делінген хабарламада.



 Ирригациялық желілердің қызмет саласына жүргізілген мониторинг негізінде 3 ұсыным әзірленген болатын:


1. барлық суару желілерін оның теңгеріміне бере отырып, Алматы облысының су шаруашылығының бірыңғай операторын құру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім бойынша бірыңғай тарифті бекіту және арналарды күтіп ұстау жөніндегі міндеттерді айқындау;


2. Прокуратурамен, Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Департаментімен және облыстың мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ӘКК қызметінде тексеруге бастамашылық етуге;


3. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалымен бірлесіп, оның мүмкіндіктерін талдауды ескере отырып, а.ж. суармалы су беру бойынша шаруа қожалықтарымен тікелей шарттар жасасуды қамтамасыз ету.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары негізінде Алматы облысының "Алматы облыстық Су шаруашылығы" коммуналдық кәсіпорны түріндегі бірыңғай Су шаруашылығы операторы құрылды, оның балансына барлық суару желілері (шамамен 680 км) берілді.


Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы 2023 жылға 1 шаршы метрі үшін белгіленген тарифпен 0,7 теңгемен шаруа қожалықтарымен тікелей шарт жасай бастады.


Айта кету керек, бұған дейін Үлкен Алматы каналы мен шаруалар арасында шаруаларға су беретін ауылшаруашылық кооперативтері болған. Олар 1 гектарға суды 20 000 – 28 000 теңгеден сатып келген, бұл орташа есеппен бұған дейінгі тарифтің 1 шаршы метрі үшін 2 теңгеден асқанын білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үлкен Алматы #кәсіпкер #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.