ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіп ашқысы келетін алматылықтарға жеңілдікпен не...

Кәсіп ашқысы келетін алматылықтарға жеңілдікпен несие беріледі

Әлеумет 04.02.2022, 16:46 1,275
Кәсіп ашқысы келетін алматылықтарға жеңілдікпен несие беріледі
Сурет: интернеттен
Мақсат – қала экономикасынын өркендету мен отандық өндіріс ошақтарын көбейту.

Мақсат – қала экономикасынын өркендету мен отандық өндіріс ошақтарын көбейту.


Алматыда шағын және орта бизнес субьектілерін жеңілдікпен несиелеу мен қайтарымсыз грант беру биыл да жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.


Бағдарламаға түрлі санаттағы азаматтардың қатысуына болады. Кәсіп бастаймын деген жандар үшін мемлекеттен қолдау көп.


Мәселен, өткен жылы мегаполистегі кәсіпкерлікті дамытуға 18,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам адам жеңілдетілген несие алып, жұмысын бастады. Жобаны қаржыландыратын басым бағыт – көлік құрылғыларын шығару, сауда және өнеркәсіп, сондай-ақ қызмет көрсету саласы.



«Жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Сәйкесінше, мемлекеттік бағдарламаға қызығушылық танытатындар да көп. Қазір «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалар аясында «Алматы бизнес-2025» және «Алматы бизнес» жобалары жұмыс істеп тұр. Бұл бағытпен кәсіпкерлер 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант ала алады», - деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы Әділ Жанкин.  



Қомақты ақша кез келген жанға беріле бермейді. Оған қол жеткізу үшін арнайы бизнес жоспарыңыз инновациялық бағытта болуы керек. Комиссия мүшелері креативті идеяларға толы жобаларға көңіл бөледі.



«Кәсібін бастаймын деген жандар «Qolday» платформасы арқылы өтініш қалдыра алады. Қажетті құжаттар тізімі: бизнес жоспары, мемлекеттен көмек алатын мүмкіндігі шектеулі жандар болса, соны растайтын құжат өткізуі керек. Биылғы жобаға өтінім беру алдағы наурыз айында басталады. Сол уақытқа дейін тұрғындар бизнес жоспарларын дайындап, мамандардан көмек алуына  болады», - деді «Qolday» кәсіпкерлік орталығы директорының орынбасары Әсем Мақашева.    



Мемлекеттен қаржы алып, кәсібін дөңгелетемін дейтіндер «Инвест Қолдауға» барып, мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Орталық шаһардағы Байзақов, 303 мекенжайында орналасқан. Бағдарламаға тек жұмыссыз азаматтар ғана емес, тұрақты жұмыс орны бар адамдардың да қатысуына да мүмкіндік бар.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,444 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.