AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығары...

Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылмақ

Әлеумет 05.05.2023, 08:58 1,294
Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылмақ
Cурет: Islam.kz

 Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылуы мүмкін.


Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Кәсіби мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, енді кәсіби мерекелерді қоспағанда, мейрам күндерінің тізбесін Үкімет белгілейді. Ал, кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді.


Атап айтқанда, ведомство өзінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен келесі кәсіби мерекелерді бекітеді:


- Медицина күні


- Мұғалімдер күні


- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні


- Полиция күні


- Шахтер күні


- Ғылым қызметкерлері күні


- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні


- Мемлекеттік қызметшілер күні


- Металлургтер күні


- Құрылысшылар күні


- Шекарашылар күні


- Ұлттық валюта күні және басқалары.


Осылайша, Үкімет қаулысымен бекітілген мерекелер қатарында мына атаулы даталар қалады:


- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан


- Алғыс айту күні – 1 наурыз


- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр


- ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым


- Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі


- Абай күні – 10 тамыз


- Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі


- Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні– 29 тамыз


- Білім күні – 1 қыркүйек


- Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі


- Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек


- Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі


- Қарттар күні – 1 қазан


- Нан күні – 16 қазан


- Энергия үнемдеу күні – 11 қараша


- ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.


«Жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси маңызы бар, сондай-ақ дәстүрлі түрде қазақстандықтар атап өтетін оқиғаларға арналған мерекелерді мерекелеу. Мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды өткізумен қатар жүреді», - делінген құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде.


Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мейрамдар #тізімнен шығару #кәсіби мерекелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);