AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Картопты қымбаттатқандарға айыппұл салынды

Картопты қымбаттатқандарға айыппұл салынды

Әлеумет 13.05.2025, 10:01 690 yakiya
Картопты қымбаттатқандарға айыппұл салынды
Сурет: Freepik

Бұл туралы хабарлаған Сауда комитетінің мәліметінше, картопқа сауда үстемесін асырғандарға 505 қаулы шығарылды, оның 41-іне айыппұл салынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және сауда үстемелерінің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және өңірлік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасауда жүйелі жұмыс жүргізуде. Жыл басынан министрліктің аумақтық департаменттері 1585 әкімшілік қаулы шығарды, оның 396-сы жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл, 1189-ы ескерту", - делінген хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабының талаптарын іске асыру шеңберінде (ӘМАТ-қа 15%-дан астам сауда үстемесінің мөлшерін асырғаны үшін) 1419 қаулы шығарылды, оның ішінде 18,2 млн теңге сомасына 239 айыппұл салынып, 1180 ескерту жасалды.

"Картоп — әлеуметтік маңызы бар тауарлардың маңызды позициясы. Картопқа сауда үстемесін асырғаны үшін 505 қаулы шығарылды, оның 41—іне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 2,6 млн теңгеден асады. Ал 464-іне ескерту жасалды", - делінген Сауда комитеті хабарламасында.

Бұдан басқа, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметі шеңберінде ӘМАТ тауарларын жеткізу тізбектері бойынша жыл басынан бері 303 отырыс өтті.

"Оның қорытындысы бойынша өнімсіз делдалдардың қатысуының 1164 жағдайы және сауда үстемелерінің асып кету фактілері анықталды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1079 әкімшілік қаулы шығарылды, ал 85 өнімсіз делдал жеткізу тізбегінен шығарылды. Министрлік сауда саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыра береді", - делінген хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#картоп #баға #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);