AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Каркыра-Автодорожный» өткізу пункті тәулік бойы ж...

«Каркыра-Автодорожный» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істей бастады

Әлеумет 26.08.2025, 16:32 712
«Каркыра-Автодорожный» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істей бастады
Сурет: Kaktus.media

Қырғызстандағы «Каркыра-Автодорожный» өткізу пункті 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті.

Бұл шешім Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары барысында өткен келіссөздердің нәтижесінде қабылданды. Жаңа режимнің енгізілуі екі елдің достық қатынастарын нығайтып, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Өткізу пунктінің жаңа жұмыс режиміне көшуіне арналған салтанатты рәсім өткізу пунктінің аумағында өтіп, оған екі елдің жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Қырғыз тарапынан ҰҚК Шекара қызметі төрағасының бірінші орынбасары Абдикарим Алимбаев келсе, Қазақстан делегациясын ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Т. Жүнісов бастап барды. Сондай-ақ шараға шекара маңындағы ауылдардың ақсақалдары да қатысты.

Өз сөзінде Алимбаев өткізу пунктінің тәулік бойғы жұмыс тәртібіне көшуі – шекарадан өту рәсімдерін жеңілдетіп, туризм мен сауданың дамуына жол ашатын стратегиялық маңызды қадам екенін атап өтті. Делегациялар екі елдің өткізу пункттерін аралап, олардың жұмысымен танысты. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Ыстықкөл облысының Түп ауданында орналасқан «Каркыра-Автодорожный» өткізу пункті адамдар мен көлік құралдарын өткізуге арналған. 2026 жылы заманауи шекаралық инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланып отыр, бұл өткізу мүмкіндігін арттырып, шекаралық бақылаудың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каркыра-Автодорожный #өткізу пункті #тәулік бойы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);