Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәрім Мәсімов Қазақстан Президентінен рақымшылық с...

Кәрім Мәсімов Қазақстан Президентінен рақымшылық сұрады

Әлеумет 10.06.2024, 12:33 957
Кәрім Мәсімов Қазақстан Президентінен рақымшылық сұрады
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) хабарлауынша Кәрім Мәсімов 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жіберген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

ҰҚК мәлімдеуінше, Мәсімов қазіргі таңда Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отыр. Комитеттің ресми хабарламасында:

"2024 жылдың наурыз айында ол осы мекемеден Қазақстан Республикасы Президентінің атына рақымшылық алу жөнінде өтініш жолдаған," - делінген.

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істер 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру») және 366-баптың 4-бөлігі («Аса ірі көлемде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

2023 жылдың сәуір айында сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуды насихаттады және билікті асыра пайдаланды деп танылды. Сот үкімі бойынша Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Оның орынбасарлары Садықұлов 16 жылға, Ерғожин және Осипов 15 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Төртеуі де арнайы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айырылды. Мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 6 қаңтарында Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады. 10 наурызда Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы ақпарат жарияланды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәрім Мәсімов #Ұлттық қауіпсіздік комитеті #рақымшылық #қылмыстық іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.