AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Карим Бензема 2022 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Карим Бензема 2022 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Әлем 18.10.2022, 02:50 1,764
Карим Бензема 2022 жылғы «Алтын доп» иегері атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Аталған шара «France Football» журналының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді


Футболдан 2022 жылғы «Алтын доп» иегері анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл атаққа биыл Испанияның «Реал Мадрид» және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема қол жеткізді.
Аталған шара «France Football» журналының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.


Мұндай марапатқа ие болу үшін футболшылардың 2021 жылғы 31 тамыз және 2022 жылғы 31 тамыз аралығындағы табыстары назарға алынып отыр. Үздік ойыншыны анықтауға FIFA рейтингі бойынша алғашқы 100 орында тұрған елдердің журналистері дауыс беруге мүмкіндік алды.


Қазірге дейін Йохан Кройф, Мишель Платини, Марко ван Бастен, Криштиану Роналду, Лионель Месси секілді үздік ойыншылар мұндай мәртебеге үш рет ие болды. Ал марапатқа 2 рет қол жеткізген жұлдыздар қатарында Альфредо ди Стефано, Франц Беккенбауэр, Кевин Киган, Карл-Хайнц Румменигге, Роналдо бар.


Сондай-ақ, салтанатты шара барысында әйелдер арасындағы «Алтын допқа» испаниялық «Барселона» сапынан Алексия Путельяс лайықты деп танылды.


Ал Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Гави 21 жасқа дейінгі үздік жас футболшы атанды.


Ал Лев Яшин атындағы «Үздік қақпашы» номинациясына «Реал Мадрид» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа ие болды.
Еске салсақ, 2021 жылы Лионель Месси «Алтын доп» иегері атанған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алтын доп #Карим Бензема #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);