AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет эле...

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет электродсыз кардиостумулятор қойылды

Медицина 25.12.2023, 13:40 1,201 Almaty-akshamy.kz. 
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да алғаш рет электродсыз кардиостумулятор қойылды
Сурет: gov.kz

Бұл жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын емдеуде жаңа дәуірді білдіретін кардиостимуляция технологиясының дамуындағы маркер


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 76 жастағы пациентке алғаш рет Micra электродсыз кардиостимуляторы имплантталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



"Бұған дейін пациентке 2016 жылы қарапайым электрокардиостимулятор қойылған, бірақ оның қабылданбауы бірнеше жылдан кейін болған. Біздің аритмологтар электродсыз кардиостимуляторды алғашқы импланттауды А. Сызғанов атындағы ҰҒХО рентгенхирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінің  меңгерушісі Әділ Байымбетовтың басшылығымен жүргізді. Келесі операцияларды өз бетінше жүргізетін боламыз", - деп бөлісті басқарма басшысы Марат Пашимов.



Клиниканың аритмологиялық қызметінің аға резиденті Артур Әбдімомыновтың айтуынша, Micra - бұл белгілі бір себептермен кәдімгі кардиостимуляторды орнату мүмкін емес өткізгіштік бұзылыстары бар пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан революциялық құрылғы. Micra кардиостимуляторы дәстүрлі модельдерде жиі қолданылатын сымдарды қажет етпейді. Ол аз инвазивті ем шаралар арқылы тікелей жүрекке имплантталады, бұл оны пациент үшін қауіпсіз және ыңғайлы етеді.



"Micra шағын өлшемді,  бұл оны тікелей жүрек қуысына орналастыруға мүмкіндік береді. Жетілдірілген технологиялар мен биосенсорлардың көмегімен құрылғы қажетті электрлік импульстарды қамтамасыз ете отырып, жүректің жұмысын ынталандырады. Micra-ның басты артықшылықтарының бірі - оның ұзақ қызмет ету мерзімі. Батареяның жаңа буыны құрылғының 12 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Micra электродтарды өткізумен байланысты асқынулардың қаупін айтарлықтай төмендететінін және олардың зақымдану немесе инфекция мүмкіндігін болдырмайтынын атап өткен жөн", - деп атап өтті жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ уақытпен қатар жүретін және институт пациенттерінің денсаулық жағдайын және олардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін озық емдеу әдістерін қолданатын жетекші клиника ретіндегі беделін тағы да растайтыны қуантады.


Аппаратты имплантаттау бойынша қымбат операция пациентке МӘМС қаражаты есебінен толығымен тегін жүргізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология #денсаулық #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);