ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алд...

Каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

Спорт 09.11.2023, 11:45 1,496
Каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Алматыда WKF каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы XXI Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Алматыда WKF каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы XXI Азия чемпионаты мәресіне жетті.


Алатау баурайында ұйымдастырылған жарысқа сары құрлықтың 30-ға жуық елінен 600 татами шебері қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  


Жастар мен жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастаса, үздік үштікті Иран (5 алтын, 6 күміс, 11 қола) спортшылары түйіндеді.



Жарыстың соңғы күніндегі кумите бағдарламасында Диас Анарбеков (+84 кг), Биғабыл Жоламан (55 кг), Ақниет Шеризат (50 кг) пен Белла Шамашева (55 кг) алтын тұғырдан көрінсе, Асқар Сапарғалиев (87 кг) пен Даяна Даренская (68 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Ал Никита Тарнакин (84 кг), Николь Ценгель (61 кг) және Венера Жақсыбаева (+ 68 кг) қолаға қол жеткізді.


«Жас каратэшілеріміздің Азия чемпионатындағы керемет жетістігі елімізде аталған спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Биыл каратэшілеріміз халықаралық жарыстарда өте сәтті өнер көрсетіп жатыр. Мәселен, еліміздің ересектер құрамасы Азия ойындарында, әлем чемпионатында топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. Енді міне, жастарымыз құрлық додасында өз мықтылықтарын дәлелдеді. Біздің құрамада осындай дарынды жас спортшылар өсіп келе жатқаны қуантады», - деп атап өтті Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, бүгін каратэден ересектер арасындағы 1-ші Азия ашық чемпионаты басталды. Жарыс 10 қарашаға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.