ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Карантинде қадірі артқан мамандық

Карантинде қадірі артқан мамандық

Әлеумет 08.02.2022, 05:24 1,525
Карантинде қадірі артқан мамандық
the-village-kz.com
Қазір жұмыс таңдамайтын заман. Бастысы, уақытты тиімді пайдалану қажет. Сонда ойға алған іс алға басады.

Қазір жұмыс таңдамайтын заман. Бастысы, уақытты тиімді пайдалану қажет. Сонда ойға алған іс алға басады.



Әлем пандемия жағдайында өмір сүргелі біршама уақыт өтті. Нақтырақ айтқанда, 2 жылдан асты. Бұл жағдай жаһан жұртын басқаша өмір сүруге үйретті. Сервистік қызметтер жағы артты. Яғни жеткізуші болып жұмыс істейтін жастар көбейді. Осыған орай сауалнама жүргізген едік.


Шыңғыс ҚАЙРАТ,


Glovo жеткізушісі:


– Карантин біздердің өмірімізді мүлде басқа арнаға бұрды. Бұған дейін күзетші болып істеп жүрдім. Арасында әр жерде жұмыс жасадым. Бір күні танысымды жолықтырып қалдым. Әңгімелесе келе, қал-жағдайымды айттым. Ол болса, мені Glovo-ға жұмыс істеуге шақырды. Осылайша жеткізу қызметінде жүргеніме бір жылдан асты. Табысы жақсы. Қазір көлік сатып алдым. Алғашында жаяу қатынадым. Одан көп шаршайсың. Бүгіндері тірлігім оңдалды. Менің түсінгенім - тынбай тірлік жасай беру керек екен. Сонда іс оңады. Қолым қалт етсе, жеке кәсіпті ашудың жайын зерделеймін. Жақында досым екеуміз «электронды сервисті»  дамытуды жоспарлап жүрміз. Өз елімізде AliExpress, Ozon сынды жеткізу қызметтерін дамытқымыз келеді. Алыс-жақын шет елге танымал болса, қаржының бір шеті Қазақстан арқылы айналымға түсетін болады. Біздер игі идеялар бағытында қозғалуды жөн санаймыз.



Абзал НҰРАДДИНОВ,


«Яндекс» жеткізушісі:


– Осы жұмыспен айналысып жүргеніме – 2 жыл. Таңғы сағат 10.00-ден бастап слот ашылады. Содан бастап түн ортасына дейін жүремін.  Ойда бір-ақ нәрсе – уақыт алып, мол тапсырыс қабылдау. Тапсырысты қаншалықты көп алсаңыз, соншалықты табысты да мол табасыз. Ең бастысы, ерінбеу керек. Дәл қазіргі уақытта алған тапсырыстарымды мопедпен жеткіземін. Неше түрлі оқиғалар мен тұтынушыларды көресіз. Негізі, оңай іс жоқ. Мен сондықтан сабыр сақтап, күнделікті ісіме тыңғылықты болуға тырысамын. Алда өз ойлағандарыма жететініме сенемін. Сол жолда барымды саламын. Әзірге, мұның барлығы мен үшін тәжірбие. Қазір жұмыс таңдайтын заман емес. Осыны ұқтым. Бірақ құр жүретін кезең келмеске кетті. Ойда бірқатар кәсіптердің жоспары тұр. Бұйырса, біршама қаражат жисам, ойлағанымды іске асыруды көздеймін.


Еңбек адамзатты өрге сүйрейді. Соның ішінде жас күнінен бастап еңбекке ерте араласқандар озады. Жаһанға атағы жайылған ауқатты жандардың өмір жолына зер салсаңыз, бәрі тәуекелден бастаған. Ең негізгісі, қай салада жүрсеңіз де, адал нәтижелі жұмыс жасауға ниеттеген абзал.


Түйіп айтқанда, еңбек ете білген адам нан қадірін біледі. Талаптанған азаматтың биік шыңдарды бағындырары сөзсіз.


                                                                                       

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.