Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәмпиттен де қауіп бар!

Кәмпиттен де қауіп бар!

Әлеумет 30.06.2023, 05:03 950
Кәмпиттен де қауіп бар!
Сурет: Рublicdomainpictures.net

Елімізде қауіпті кәмпиттер сатылып жатыр.


Ел нарығына жүргізілген тексеру нәтижесінде әйгілі брендтердің атауында бір әріп өзгертіліп, контрафактілі кәмпиттер сатылып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Павлодардағы «Асыл» базарында және «Олжа» сауда үйінде қауіпті тәттілер сатылып келген.


Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, сарапшылар зертханаға Fiberello кәмпиттерінің үлгілерін тапсырып, нәтижесінде олардың құрамында колиформа — ішек таяқшалары мен рұқсат етілген мөлшерден асып кеткен ашытқылар анықталды. Бұл өнімді өндіру және сақтау ережелерінің бұзылғанын көрсетеді. Ашытқы мөлшері нормадан жоғары болғандықтан ағзада улы заттар жиналып, дисбактериозға, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына және метаболизмге алып келеді.



«Жалған өнім шығару айтқысыз ауқымға жетті. Нарыққа анализ жасау кезінде анықталған барлық контрафактілі өнімдердің шығу тегі белгісіз», деді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.



Онымен қоса, тауарлар таңбалау талаптарына сәйкес келмеген: қаптамаларда өндіруші туралы ақпарат, өнім құрамының сипаттамасы болмады.


Мәлім етілгендей, жалған кәмпиттердің қаптамасында көбіне Өзбекстандағы өндіруші компаниялардың мекенжайы көрсетілген. Бірақ ондай мекенжайлар бойынша өндіріс орны болмай шықты. Яғни, тәттілер заңсыз жолмен жасалған.


Светлана Романовскаяның айтуынша, танымал брендтерге ұқсатылып жасалған кәмпиттер салада бақылаудың толық болмауының дәлелі. Контрафактінің нарыққа түсуін анықтаумен ешкім айналыспайды.



«Басты себептердің бірі — бизнесті тексеруге жарияланған мораторий. Бұл тыйым адал өндірушілер мен заң бұзушыларды әділетсіз жағдайларға душар етеді», деді ұйым басшысы.



Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 2018 жылдан 2021 жылға дейін елге 30 миллиард теңгеге контрафактілі өнім әкелінген. Бұл көлем жыл сайын 10 пайызға артып отыр.                                         

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәспит #қауіп #Бренд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.