AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі...

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті 

Әлеумет 30.09.2021, 05:39 1,556
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті 
almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты күшейтуді тапсырды 



Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Басты мақсат – биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жасалған талдау нәтижелері негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін одан әрі арттыру бойынша тиісті шара қабылдау. 


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 11 жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін түрлі фактілер бойынша 247 материал қаралды. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде (22.00-ден кейін) және тұрғын үй-жайлардың сыртында (23.00-ден кейін) түнде заңды өкілдерінің еріп жүрмеуі үшін 4546 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 26 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі төтенше шара қолданылды, 252 ата-ана бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған 473 бала қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жатқызылды. Кәмелетке толмағандар полициясының мәліметінше, жалпы қала бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 2,6% төмендеген. 


Отбасы қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады. 


Алматы қаласының аудандары тұрғысында жүргізілген жұмыстар мен заңсыз әрекеттер фактілері бойынша қабылданған шаралар туралы есептер тыңдалды.


Жұмысты жетілдіру бойынша айтылған ұсыныстардың ішінде – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша жобаларды іске асыруға үкіметтік емес ұйымдарды тарту. Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров бірлесіп жұмыс істеу тетігін, оның ішінде қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жолымен және мектеп психологтарына "қауіп-қатер тобындағы" тұлғаларды анықтаудың жаңа құралдарын енгізу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету және олармен жұмыс істеу тетігін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстың алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс аясын кеңейту мүмкіндігі қаралатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);