AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәдірбек Сегізбай, жазушы: Отан өзімізге керек

Кәдірбек Сегізбай, жазушы: Отан өзімізге керек

Әлеумет 09.01.2022, 05:54 1,251
Кәдірбек Сегізбай, жазушы: Отан өзімізге керек
inform.kz

Соңғы күндерде елімізде адам қиялына да кірмеген оқиғалар орын алуда. Белгілі бола бастағанындай, шетелдерде арнайы дайындықтан өткен содырлар қару-жарақпен елімізге кіріп алып, көптеген өңірлерде бір мезгілде кәдімгідей майдан ұйымдастырды.


Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістігін көре алмаған ішкі және сыртқы жаулар осындай әрекетке барды. Қандай себепті желеу етсе де, мұндай қылмыс ақтауға келмейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дер кезінде батыл шешім қабылдап, елімізді, Тәуелсіздігімізді аман алып қала білді. Өкінішке орай, батыстағы кейбір ұйымдар балаңды талаған итті өлтірсең де, жануарға қатыгездік танытты деп бағалайды. Қарумен елге кіріп, бейбіт адамдарға оқ атқан адамдармен келіссөз жүргізуді ұсынады. Президент айтқандай, «содырлармен қандай келіссөз болуы мүмкін?».


Президенттің ел тыныштығы мен тәуелсіздігіне қауіп төнген шақта Ұжымдық қауіпсіздік шарттары ұйымына мүше мемлекеттер басшыларынан көмек сұрауы орынды деп ойлаймын. Терроризмге қарсы операция барысында қаза тапқан әскерилерді Алла рахымына бөлесін! Олар өз Отанын қорғау жолында шейіт болды. 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп белгілеу сол боздақтар рухына халықтың, мемлекеттің құрметін білдіреді. Мемлекет өзімізге ғана керек. Сондықтан, жастарға айтарым, арандатуларға ермей, ұлт үшін, мемлекет үшін қызмет ету қажет! Қазір қаланы қалың тұман басып тұр. Дегенмен тұман сейіліп, күн шығады. Сын сағаттары да өтіп, жайдарлы кезеңге де жетеміз. Бұл үшін Президентіміздің айналасына жұдырықтай жұмылуға тиіспіз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #зиялы #Қәдірбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);