AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Кабирханға Дубайдағы бәйгеде жүлделі орынға бір са...

Кабирханға Дубайдағы бәйгеде жүлделі орынға бір саты жетпей қалды

Спорт 25.01.2025, 14:48 879 Bakyt
Кабирханға Дубайдағы бәйгеде жүлделі орынға бір саты жетпей қалды
24 kz

2025 жылдың алғашқы ірі ат жарысы Дубайда өтті, деп хабарлайды  Aqshamnews.kz

Қазақстандық Тілек Мұханбетқалиевтің танымал сәйгүлігі Кабирхан 12 тұлпардың арасында 7-орынға тұрақтады. Өкінішке орай, қаржылай сыйақы тек алдыңғы 6 орынға табан тіреген тұлпарларға ғана беріледі,

Дубайдағы бұл жарыс әлемдегі ең беделді ат бәйгелерінің бірі саналады. Онда 30 миллион доллар көлемінде жалпы сыйақы қоры бөлінген. Қазақстанның атынан бірнеше тұлпар қатысқанымен, олардың ешқайсысы жүлделі орынға іліге алмады. Дегенмен, қазақ сәйгүліктерінің осындай халықаралық деңгейдегі додаларға қатысуы ұлттық ат спорты үшін үлкен жетістік ретінде бағалануда.

Атбегі Қанат Мединов бұл нәтиженің маңыздылығын ерекше атап өтті:

"Эмиратта ұшқыр бәйге жақсы дамыған. Біздің Алматы бәйгесі де жақсы көрсетіп жатыр. Биыл былтырмен салыстырғанда 15 жаңа тұлпар жарысқа қатысты. Қазақстан атынан. Тілек ағамызға рақмет. Осылай дамытып, жол ашқан сол кісі".

Қазақ даласында тұлпарлар ежелден ұлттың мақтанышы мен серігі болғаны белгілі. Қазіргі таңда Қазақстанда ат спорты қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары отандық атбегілер мен бәйгеге қатысатын тұлпарлардың саны артып, халықаралық жарыстарға қатысу көрсеткіші жоғарылап келеді. Дубай бәйгесіне қатысқан 15 жаңа сәйгүлік осының айқын дәлелі.

Тілек Мұханбетқалиевтің Кабирхан есімді сәйгүлігі соңғы жылдары беделді жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, танылып келеді. Бұл жолы жүлделі орынға ілікпегенімен, мұндай бәйгелерге тұрақты қатысу арқылы қазақ сәйгүліктерінің әлеуеті әлемдік деңгейде мойындалуда.

Дубай бәйгесі қазақ сәйгүліктері үшін үлкен тәжірибе болды. Жарыста жүлде алмаса да, Тілек Мұханбетқалиев пен оның командасының еңбегі ұлттық ат спортының дамуына қосылған маңызды үлес. Мұндай қадамдар болашақта қазақ тұлпарларының халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуіне негіз болары анық.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кабирхан #дубай #Ат спорты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);