Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жылу электр станцияларына айыппұл салатын заң жоба...

Жылу электр станцияларына айыппұл салатын заң жобасы Мәжіліске енгізілді

Әлеумет 18.01.2023, 09:14 1,064
Жылу электр станцияларына айыппұл салатын заң жобасы Мәжіліске енгізілді
Сурет: Gov.kz

Электр станциялары мен қазандықтарда отын қорының жеткіліксіздігінен төтенше жағдай туындаса немесе істен шығу болса, мекеме басшылығына 345 мыңнан 6,9 млн теңгеге дейін айыппұл салынады.


Бұл туралы Мәжілістің қарауына берілген «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Депутаттардың талқылауына ұсынылған құжатта Әкімшілік кодекске «Күзгі-қысқы жағдайларда жылу электр станциялары мен қазандықтардың отын қорының бекітілген нормативтерін сақтамауы» туралы 300-2 бабы енгізілетіні көрсетілген. Оған сәйкес,



«Электр станциясы мен қазандықтың төмендетілген параметрлердегі жұмысы салдарынан аварияларға немесе өзге де төтенше жағдайларға әкеп соққан жылу электр станциялары мен қазандықтардың отын қорының бекітілген нормативтерін сақтамауы: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 (1 АЕК – 3450 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Электр станциясы мен қазандықтың негізгі жабдықтарының тоқтауына әкеп соққан жылу электр станциялары мен қазандықтардың отын қорының бекітілген нормативтерін сақтамауы: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 2 000 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - делінген жаңа бапта.



Құжаттың түсіндірмесінде көрсетілгендей, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мұндай өзгеріс отын тапшылығынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.



«Бұл – энергия өндіруші ұйымдарда электр станцияларының тоқтап қалуына немесе төмендетілген параметрлерде жұмыс істеуіне әкеп соқтыратын отын тапшылығынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұсынылады», - деп түсіндірме берілген енгізілгелі отырған бапқа.



Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада мұндай бағыттағы құқықбұзушылық әрекеттеріне жол берген бизнес субъектілерін жауапкершілікке тартатын норма жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жэс #Заң жобасы #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.