ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Жылдың басты спорттық оқиғасы: Алматы «Реал Мадрид...

Жылдың басты спорттық оқиғасы: Алматы «Реал Мадридті» қарсы алады

Алматы 29.09.2025, 18:28 425
Жылдың басты спорттық оқиғасы: Алматы «Реал Мадридті» қарсы алады
1bol.kz
*Жылдың басты спорттық оқиғасы: Алматы «Реал Мадридті» қарсы алады*

Алматыға әлемнің ең атақты футбол клубтарының бірі «Реал Мадрид» келді. Бұл сапар қала үшін тарихи оқиғаға айналды.

Орталық стадион мадридтік команданы қабылдауға сақадай-сай дайын: алаң халықаралық стандарттарға сай, жарық беру жүйесі мен инфрақұрылым тексерілді. Төрешілер мен ойыншыларға барлық жағдай жасалған, киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталып, спортшылардың жайлылығы үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етілген.

Стадионның ішкі безендірілуіне ерекше көңіл бөлінді: трибуналар жаңартылды, Алматы қаласының айдентикасы мен стадион сәулетіне сай жаңа көркем суреттер жасалды. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін 1,5 мыңнан астам орындық ауыстырылды, санитарлық тораптар жаңартылып, қосымша 60 биодәретхана орнатылды. 

Матч кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Алматы қаласы Полиция департаментінің 2 382 қызметкері жұмылдырылады. Бақылау-өткізу бекеттеріне металл детекторлар мен қол сканерлері қойылды. Стадион аумағында жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілік етеді, эвакуация жоспарлары мен дабыл беру жүйесі тексерілді.

Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылады. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, алты бағытта қатынайды:
• Орталық стадион – «Алматы Арена» – батыс бағыты;
• Орталық стадион – Райымбек/Алатау – батыс бағыты;
• Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы;
• Орталық стадион – Орбита шағынауданы;
• Орталық стадион – Жұлдыз шағынауданы – шығыс бағыты;
• Орталық стадион – Әуежай – шығыс бағыты.

Осылайша, «Реал Мадридтің» Алматыға келуі Орталық стадионның жан-жақты дайындық жұмыстарымен қатар өтті: алаң, жарық, трибуналар мен инфрақұрылым жаңартылды, қауіпсіздік пен көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Қала тұрғындары мен қонақтары тарихи оқиғаның куәсі болу үшін бәрі әлемдік стандартқа сай жасалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.