AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл соңына қарай еліміздің үш қаласында 5G желісі...

Жыл соңына қарай еліміздің үш қаласында 5G желісі іске қосылады

Әлеумет 13.06.2022, 02:30 1,654
Жыл соңына қарай еліміздің үш қаласында 5G желісі іске қосылады
Сурет: Etu.ru

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5G желісін іске қосу жайындағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Министрлік Қазақстан Республикасы аумақтық принцип негізінде радиожиілік спектр (бұдан әрі – РЖС) тарату бөлігінде 5G желісін енгізу стратегиясын әзірледі. Үздіксіз 100 МГц жолағын бөлу мүмкіндігі бар 3,6 – 3,9 ГГц диапазонындағы жиіліктер белгіленді. Сондай-ақ, Қазақстанда 5G технологиясын енгізу және іске асыру мерзімдері белгіленген», - деп жауап берді ведомство редакция сауалына.



Ұсынылған мәліметке сәйкес, бүгінде байланыс операторлары келесі жұмыстарды атқарды: «Қазақтелеком» АҚ Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Hub» IT стартаптар халықаралық технопаркі» аумағында пилоттық 5G желісін іске қосты. Шымкент қаласында базалық станцияны орнату орны анықталды («Shymkent Plaza» СО), 5G технологиясының сынақтары техникалық енгізу сатысында. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС пилоттық 5G желісін Алматы қаласындағы үш жерде іске қосқан. Олар – «Қайсар Плаза» сауда-кеңсе орталығы (Желтоқсан к-cі, 115), Панфилов көшесі (Абай атындағы МАОБТ-тан Төле би көшесіне дейін) және «Медеу» биік таулы спорт кешені. «Кселл» АҚ Алматы қаласының Арбат ауданында (Нұрсұлтан Назарбаев пен Жібек жолы даңғылдарының қиылысы) 5G технологиясын тестілеуді іске қосты. «Кар-Тел» ЖШС Алматы қаласында NARXOZ University (Жандосов к-сі, 55) және «Гранд Алатау» бизнес орталығы (Тимирязев к-сі, 28В) аудандарында 5G технологиясын тестілік режимнен өткізе бастаған.



«Қазақстанда 5G желісін 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте, ал 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында іске қосу жоспарланып отыр», - деп толықтырды ведомстводан.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#желі #Ақпарат #заман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);