AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл соңына дейін цифрлық теңгені енгізу шешімі қаб...

Жыл соңына дейін цифрлық теңгені енгізу шешімі қабылданады

Әлеумет 27.04.2022, 07:57 1,283
Жыл соңына дейін цифрлық теңгені енгізу шешімі қабылданады
Сурет: Google.kz

1 шілдеге дейін цифрлық теңгені енгізудің методикасы бекітіледі.


ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов елімізде цифрлық теңгені енгізуге қатысты шешім жыл соңына дейін қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Цифрлық теңгені енгізуде ауқымды шаруаны қолға алдық. Осы мақсатта халықаралық валюта қоры және дамыған елдердің орталық банктерімен тығыз әріптестікте жұмыс істеп жатырмыз. Таяуда ғана біздің команда Вашингтонға барып, халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесіп өткізіп, атқарылған жұмыс пен жоспарымызды таныстырдық», - деді Ғалымжан Пірматов.



Оның айтуынша, цифрлық теңгеге қатысты шешілуі тиіс техникалық тұстары бар.



«Биыл 1 шілдеге дейін цифрлық теңгені енгізудің методикасы бекітеміз. Ал жыл соңына дейін нақты енгізу туралы шешім қабылдайтын боламыз. Аталған шешімді қабылдауда техникалық орындау уақытты талап етеді. Дегенмен жыл аяғына дейін шешімін табады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - дейді ол.



Еске сала кетсек, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтқан еді .

Телеграм арнаға жазылыңыз
#цифр #теңге #пірматов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);