Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жыл соңына дейін республикаға 700 мыңға жуық шетел...

Жыл соңына дейін республикаға 700 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде

Әлеумет 12.07.2022, 05:10 1,149
Жыл соңына дейін республикаға 700 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде
Сурет:Baq.kz

Қазақстанда 2021 жылы ішкі туристер саны 6,9 млн болды.


Бұл - алдыңғы жылдармен салыстырғанда, рекордтық көрсеткіш. Экотуризмді дамыту жөніндегі кеңесте мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.


Сондай-ақ  жыл соңына дейін республикаға 700 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде.



«28 елмен 107 бағыт бойынша халықаралық қатынастар қалпына келтірілді, сондай-ақ 77 елдің азаматтары үшін визасыз режим қалпына келтірілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық парктерге барушылар саны 1,5 млн адам болды. 2022 жылдың соңына дейін ұлттық парктерге келушілердің санын 1,6 млн-ға дейін арттыру жоспарланып отыр»,- деп атап айтты вице-министр. 



Айта  кету керек, салалық мекеме жыл соңына дейін ішкі туризмге инвестицияларды 708 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 31 мыңнан астам адам туризм саласына жұмысқа тартылған. Шетелдік туристер үшін туроператорларды субсидиялау, балалар әуе билетінің құнын өтеу, тау шаңғысы жабдықтары мен туравтобустарды сатып алу, туристік және жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына кеткен шығынды өтеп беру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Ішкі туризмді ілгерілету үшін NeoNomad акциялары ұйымдастырылып жатыр, ол ішкі туристерді еліміздің 20 өңірін аралауға ынталандырады. 


Түрген шатқалында туристерге арналған визит-орталық ашылды            


Сондай-ақ  туристерге арналған жаңа визит-орталықтарының саны артып келеді. Заманауи үлгідегі орталықта жергілікті саяхатшылар мен  шетелдік меймандар ұлттық парктің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады. Сондай-ақ «Turgensai» кешенінде дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны мен ойын алаңы жұмыс істейді. Осылайша саяхатшылардың алаңсыз тынығуына барлық жағдай жасалған. Мұндай орталықтар алдағы күндері Алтынемел мен Шарын ұлттық парктерінде ашылады деп жоспарланып отыр.


   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетелдік туристер #рекордтық көрсеткіш #Экотуризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.