AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жыл сайын Қазақстанда 36 мыңнан астам адам атероск...

Жыл сайын Қазақстанда 36 мыңнан астам адам атеросклероздан көз жұмады

Медицина 14.06.2022, 10:50 1,813
Жыл сайын Қазақстанда 36 мыңнан астам адам атеросклероздан көз жұмады
Сурет: Microlife-shop.by

Бұл сан әлі де өсіп жатыр.


Атеросклероз проблемасы жайында  Қазақстан кардиологиялық қоғамы басқармасының төрайымы Сәуле Әбсейітова арнайы өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Маманның айтуынша, холестерин деңгейінің көбеюі организмге өте қауіпті. 



«Холестерин деңгейін салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану арқылы төмендетуге болмайды. Көптеген науқастар үшін бұл жеткіліксіз. Әрбір нақты науқасқа профилактика немесе емдеу бойынша қажетті ұсынымдар мен препараттарды оның ілеспе аурулары мен жалпы жай-күйін ескере отырып, дәрігер ғана таңдай алады», - деп нақтылап өтті дәрігер. 



Айтуынша, ДДСҰ барлық елдерді атеросклероз проблемасына назар аударуға және оның алдын алу мәселелерін денсаулық сақтау жүйесі саясатының негізгі басымдығы ретінде қоюға бірнеше жылдан бері шақырып келеді.


Ал, статистика деректеріне сүйенсек, 2020 жылы елімізде қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 193,79 адамды құраған. Басқаша айтқанда, атеросклероздан республикада бір жылда 36 мыңнан астам адам қайтыс болады. Бұл сан әлі де өсіп жатыр.


Алайда атеросклероздан болатын өлім-жітім мен асқынуды едәуір төмендетуге болады. ДДСҰ сарапшыларының пікірінше, жүрек-қантамырлар аурулары асқынуларының 85%-ын салауатты өмір салтын ұстану, уақтылы тексерілу және қауіп факторларын анықтау, аурудың ерте алдын алу және емдеу, қандағы «жаман» холестерин деңгейін төмендету арқылы болдырмауға болады



«40 жастан асқан адамдар екі жылда бір рет жүрек-қантамырлары ауруларына тексеруден өтуі керек. Ол емханаларда тегін жүргізіледі. Бұл сізді ештеңе мазаламаса да маңызды. Себебі мұндай скрининг, тіпті диагноз болмаса да, алдағы 10 жыл ішінде аурудың пайда болу қаупін анықтауға көмектеседі. Егер холестерин жоғары болса, онда сізге профилактикалық ем тағайындалады», - деді  Сәуле Әбсейітова. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #профилактика #атеросклероз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);