Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасы 18,7%-ғ...

Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасы 18,7%-ға өскен

Әлеумет 20.08.2022, 12:00 1,301
Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасы 18,7%-ға өскен
Сурет: Inform.kz

Айналым қаражатын қаржыландыру және бөлу схемасы қайта қаралмақ


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бағытында бірқатар жоспар бар. Олар бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz- сілтеме жасап.


Жыл басынан бері негізгі азық-түлік бағасының өсуі 18,7% болды.


Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев облыстардағы сауда үстемесі жөніндегі комиссиялар мен мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселені көтерді. Ол комиссиялардың жұмысын толығымен қайта қарап, азық-түлік бағасының қалыптасуына тікелей әсер етіп отырған арадағы делдалдарды анықтауға жұмылдыруды ұсынды.



Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ақпаратын тыңдаған Серік Жұманғарин алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.



«Негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер қауымдастықтарымен кездесу сессиясын өткіздік. Айналым қаражатын қаржыландыру және бөлу схемасын қайта қарайтын боламыз, ӘМАТ-тың бес атауы бойынша өндірушілермен тікелей келісімшарт жасасу схемасына көшуді жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз – тапшылыққа жол бермеу және негізгі азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқынын төмендету. Ең бастысы – толық бақылауды, оның ішінде өңірлік комиссиялардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету. Делдалдарды анықтау бойынша өңірлік комиссиялар құру – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Олардың жұмысын Сауда және интеграция министрлігінің өңірлік бөлімшелерінің ресурстары есебінен күшейту қажет. Бұл жұмысты Сауда комитетіне тапсырамын», - деді Серік Жұманғарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік #сауда #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.