AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері елімізде 140 бала терезеден құлағ...

Жыл басынан бері елімізде 140 бала терезеден құлаған

Әлеумет 11.09.2023, 04:38 1,026
Жыл басынан бері елімізде 140 бала терезеден құлаған
Сурет: Resbash.ru

Оның 90 пайызы қайғылы жағдаймен аяқталған.


Бұл Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген статистика, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Балалар арасында осындай оқыс оқиғалардың жиілеуі жауапты мекемелерді де алаңдатып отыр. Ал сарапшылар енді еліміз халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, бүлдіршіндер қауіпсіздігін күшейту керек екенін айтады.


24.kz арнасының мәліметіне сүйенсек,  өткен жылы елімізде 100-ден астам бала терезеден құлап, 25-і көз жұмған.


«Біріншіден, мұндай оқиғалардың болу себебі – ата-аналардың дұрыс қарамауы балаларын, қараусыз қалдыруы, абайсыздығы. Барынша айтып жатамыз, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатады. Үйлерді аралаған кезде, өрт қауіпсіздігі бойынша акциялар кезінде барынша ата-аналарға соны ескертіп отырамыз. 1 жастан бастап жүруді үйренген балалар 1 жастан бастап құлауы мүмкін», - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінң ресми өкілі Жанна Дәуренбекова. 


Терезенің арғы жағындағы көрініс балалар үшін қызықты әрі таңсық дүние. «Кішкентай зерттеуші» қоршаған ортаны тану мақсатында түрлі қауіпті әрекеттерге барады. Ойын баласының терезеден құлауына басты себеп – оңай ашылатын терезе.


Мәселен Америкада балалардың терезеден құлауына қарсы арнайы бағдарлама бар. Өткен ғасырдың 70-жылдары қолға алынған бұл жоба жазатайым оқиғалардың алдын алуды 50 пайызға азайтқан. Бұл тұрғыда қазақстандық сарапшылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы заңды күшейту керегін алға тартады.



«Жұмысты қазірден бастау керек. Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу қажет. Баланың қауіпсіздігіне жауап беретін бірнеше бағыттағы арнайы ведомстволарды іске қосу маңызды. Олардың қызметі нақты айқындалса, келесі жылдың соңына дейін мәселенің 70 пайызы шешілер еді», - дейді  ҚР БҰҰ Балалар қорының балалар өмірі бойынша бағдарлама үйлестірушісі Анна Стативкина.



Биыл елімізде арнайы норма бекітілді. Ол – балабақша мен мектептерде және тұрғын үйлерде құрылыс компанияларының терезеге блокиратор орнатуын міндеттейді.



«Мен министрліктер деңгейінде мәселені реттеуге тырыстым. Себебі олардың атқарушы органдарға ықпалы бар. Қазір ересектердің назарын аудару үшін көшенің бәріне плакттар ілінуі керек. Ақпараттандыру жағын күшейтуіміз керек. Бастысы – ата-аналар жауапкершілікті сезініп, балаларын қараусыз қалдырмауы қажет. Әзірге балалардың қауіпсіздігі мәселесі толығымен шешілмей тұр. Арнайы норма болғанымен, терезе қорғаныштарының сапасын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Өкімет бұл бағыттағы заңды қатаңдатса құба-құп», - дейді «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының директоры Аружан Сайын. 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Терезеден құлау #қауіп #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);