Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері әскери қызметшілер парашютпен 300...

Жыл басынан бері әскери қызметшілер парашютпен 3000-нан аса секіруді орындады

Әлеумет 13.02.2025, 15:57 518
Жыл басынан бері әскери қызметшілер парашютпен 3000-нан аса секіруді орындады
Cурет: Қорғаныс министрлігі
1500-ден астам әскери қызметші алғаш рет секірді.

1500-ден астам әскери қызметші алғаш рет секірді.

Парашютпен секіру – десантшылардың жауынгерлік дайындығының маңызды элементі. Соңғы екі айдың өзінде әскери-көліктік авиацияның С-295 ұшақтарымен және армиялық авиацияның Ми-17 тікұшақтарымен қазақстандық десантшылар 800 метр биіктіктен 3000-нан аса мәрте секіруді орындады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алғашқылардың қатарында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының 8 ару жауынгері бар. Бригада командирі полковник Алмас Төлегенов оларды алғашқы секіру жаттығуын орындауымен құттықтады.  

– Әуеде алғашқы қадамдарын жасап, бойдағы қорқынышты жеңіп, нағыз десантшымын дей аласыңдар. Мен батылдықпен және құштарлықпен секіру үшін дайындықтан өтіп, нормативтерді тапсырған қыздарымызды мақтан тұтамын, – деп атап полковник Алмас Төлегенов.

Секіруге дайындық екі аптаға созылды. Парашютшілерге үйрететін бірінші нәрсе 4 сериялы Д-6 парашют жүйесінің тактикалық және техникалық сипаттамаларын және құрамдас бөліктерін білу, секіру үшін парашютті өз бетінше орау және аспанда орын алуы ықтимал штаттан тыс жағдайларда дұрыс әрекет ету. Бұның бәрі бригадалардың әуе-десанттық кешендерінің тренажерларында пысықталады. 

– Бригадада қызмет етіп жүргеніме бір жылдан асты.  Парашютпен секіруге ұзақ уақыт дайындалдым. Әрине, басында қорқыныш болды, дегенмен талай мәрте секіріп жүрген тәжірибелі әріптестерім бізді бортта жігерлендіріп, кеңестерін айтты. Ал борт есігін ашқан нұсқаушы «десант түсуге дайындалыңдар» пәрменін бергенде, барлық эмоциялар жоғалып, секіруге деген құштарлық пайда болды, – деді алған әсерін бөлісе аға маман кіші сержант Гүльзаряма Абдришитова. 

Дәл сол күні – аса күрделі әрі жауапты кезеңде әуеде 1500-ден 2000 метрге дейінгі биіктіктен 15-20 секунд кідіріспен 47 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшісі бар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің спорттық-парашюттік командасы парашютпен секіру жаттығуларын орындады. 

Секіру тапсырмаларын сәтті орындау тек батылдық пен ерік-жігерді ғана емес, сондай-ақ барлық ережелерді, жинақылықты, асқан шеберлікті нақты орындауды талап ететінін айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,461 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.