Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері 55 азамат пойыз астына түсті

Жыл басынан бері 55 азамат пойыз астына түсті

Әлеумет 12.08.2024, 15:36 797
Жыл басынан бері 55 азамат пойыз астына түсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Елімізде теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен 28 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады.

Жыл басынан бері теміржолды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өткен 28 589 адамға әкімшілік жаза қолданылған, оның ішінде адамдардың және жануарлардың қатысуымен болған 1 161 оқиға тіркелді. Өкінішке орай, 55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болды.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысында жүк пойызы белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетіп, ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Малыбаевтың айтуынша, теміржолдағы қайғылы оқиғалардың көпшілігі азаматтардың теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамауы салдарынан орын алады. Ол адамдарды теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсінуге шақырады.

Көлік полицейлері профилактикалық іс-шаралар барысында азаматтарға теміржол аймағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертіп отырады. Теміржол төсемінен өтпес бұрын пойыздың немесе вагондардың жоқтығына көз жеткізу, сондай-ақ, сигналды есту үшін құлаққап пен бас киімді шешу қажеттілігі жиі айтылады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік полицейлері #поезд #Теміржол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.