ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Жүз жылдық жастық

Жүз жылдық жастық

Тұлға 13.10.2022, 03:39 2,122
Жүз жылдық жастық
Twitter
Мәншүк. Мәңгі жас Мәншүк. Қыршынынан қиылған аяулы қыз. Тағдыры да аса жеңіл емес-ті. Ол ерліктің символы болды. Себебі ел үшін ғұмырын қиды. Ол бейбіт өмірдің символы болды. Себебі соғыс атаулыны...

/Ғасырлық реквием/




Мәншүк. Мәңгі жас Мәншүк. Қыршынынан қиылған аяулы қыз. Тағдыры да аса жеңіл емес-ті. Ол ерліктің символы болды. Себебі ел үшін ғұмырын қиды. Ол бейбіт өмірдің символы болды. Себебі соғыс атаулыны Мәншүктің заманымен бірге кеткендей көрдік. Ол жастықтың символы болды. Себебі есейген кезі көз алдымызға елестемейді. Әйтпесе, кеше ғана өмірден өткен Әбдіжәміл көкемізден екі-ақ жас үлкен ардақты апамыз еді...

Бала кезімізде әуенімен айтылатын мынадай өлең бар-ды. Авторы Сәду Машақов-ау деймін. Оны барлық мектептің бүкіл баласы жатқа білетін:




Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.



Қолында пулеметі «Максим» оның,

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда да,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.



Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,

Төнсе де өлім қаупі жасымаған.




"Максим" демекші, жақында Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану музейінен атышулы пулеметті көріп, суретке түсіріп алдым. Мынау сол Мәншүктің мың қойға айырбастамайтын "Максимі". Қайсар қыз сәмбі талдай талдырмаштығына қарамастан, "Максимі" құрғырды бөлшектеп алып, жорық даласында арқалап жүрген деседі. Қаршадай қызға қару, қалың елге қасірет өңгерткен сұм соғыс-ай десеңші...

Мәншүктің өмірі - өнегелі өмір. Мәншүктің тағдыры - қатпары қалың тағдыр. Мәншүктің ерлігі - мәңгілік ерлік. Оның ғибратты ғұмырын көп жыл зерттеген журналист-жазушы Мақсат Тәж-Мұрат жақында ғана "Мәншүк: мұз бен жалын жыры" атты деректі кітап жазып бітірді. Тың дәйектер мен маңызды мәліметтерге толы. Оқыған да арманда, оқымаған да арманда. Бұйырса, таяуда жарыққа шығып қалар.


*  *  *


Бүгін Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толды! Архив ақтарып, осы датаны айқындап берген де Мақсат ағамыз. Кейуананың жасы. Кейуана болмақ түгілі, бойжеткен атанып, бой түзеп те үлгермей, жарық дүниені сарп етіп, бір тұтам ғана ғұмыр кешкен Мәншүк жүз жыл бойы жастықтың жалынына жылынып, жалауына оранып тұрған секілді көрінеді бізге...

Тұманбай ағамның Әлия мен Мәншүктің монологы іспетті мынадай бір өлеңі бар еді:




Үйлеріңде күлер болса, дос күлсін,

Тосар болса, бақыт қана тостырсын.

Ақ ниетпен өтіп жатса тойларың,

Біздер ішер екі бокал бос тұрсын!



Сексен жыл болды қос бокалдың бос тұрғанына...

Астауымыз да, аспанымыз да шытынамасын!


Бейбіт тіршілік жалғаса берсін! Мәншүк секілді мединституттың студент қыздары ешқашан қолға қару алмасын...



Жүз жылдық жастық... Риясыз реквием...

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.