конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Jusan Bank-ке мемлекеттен берілген қаржылай көмек...

Jusan Bank-ке мемлекеттен берілген қаржылай көмек біртіндеп қайтарылуы мүмкін

Экономика 20.07.2022, 13:35 1,706
Jusan Bank-ке мемлекеттен берілген қаржылай көмек біртіндеп қайтарылуы мүмкін
Сурет: All.aikyn.kz

Jusan Bank-ке мемлекеттен берілген қаржылай көмекті біртіндеп қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Jusan Bank-тің бүкіл мәмілесінен мемлекетке келген шығынды айтсақ, кейінгі 5 жылдың ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен «АТФ Банк» АҚ-ның «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ны сатып алуы туралы мәміле ұсынылған болатын. 2020 жылы банктер біріктіріліп, тәуелсіз бағалау қорытындысы (Due Diligence) бойынша «АТФ Банктің» шығыны 124 млрд теңге деп белгіленді. Бұл шығын «АТФ Банктің» жеке қаражаты есебінен жабылған. Осы мәміле аясында «АТФ Банк» пен Jusan Bank-тің бұған дейін шығарған облигациялары мерзімін ұзарту және сыйақы мөлшерлемесін 4%-дан 0,1%-ға дейін түсіру жолымен түрлендірілген еді», - деп жазылған жауапта.



Үкімет басшысының мәліметі бойынша, аталған шараның арқасында Jusan Bank-тің жеңілдетілген сыйақы мен нарықтағы сыйақының айырмашылығы есебінен 126 млрд теңге көлемінде қарыз қалыптасқан. Ол ақшаның бәрі «АТФ Банктің» шығынын өтеуге бағытталған.



«Сондай-ақ, Jusan Bank акционерлері 97 млрд теңге көлемінде қосымша капитал құйған болатын. Бүгінгі таңда Jusan Bank капиталы толысып, өтімділік деңгейін көрсетіп отыр. Капитал қоры - 311 млрд теңге болса, өтімділік көрсеткіші - 1,2 трлн теңге. Капитал қоры мен өтімділік деңгейінің жеткілікті екенін ескеріп, бүгінгі таңда Jusan Bank-ке мемлекеттен берілген көмекті біртіндеп қайтару мәселесі қарастырылып жатыр», - дейді Әлихан Смайылов.



Бұған дейін Jusan Bank-тің акционерлеріне 2021 жылғы жай акциялары бойынша дивиденд төленбейтіні белгілі болған еді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Jusan Bank #Әлихан Смайылов #АТФ Банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);