AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Jusan bank атауын өзгертті

Jusan bank атауын өзгертті

Әлеумет 17.06.2025, 17:14 1,068
Jusan bank атауын өзгертті
интернеттен

Jusan Bank ресми атауын түбегейлі өзгертіп, Alatau City Bank атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Банк ребрендинг туралы алғаш рет мамыр айының соңында хабарлаған болатын.

Банк "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында қайта тіркеуден өтіп, ресми атауын өзгертуді аяқтады. Дегенмен, атауды толық ауыстыру процесі біраз уақыт алады. Бұл кезеңде түрлі сервистер мен ақпараттық жүйелерде банктің ескі және жаңа атауы қатар қолданылатын болады.

Сондықтан банк әзірге екі атауды да – ескі және жаңаны – жеке қызметтерде, құжаттарда, ақпараттық жүйелерде және т.б. қолдануға болатынын атап өтті. Атауды өзгерту бойынша іс-шаралар жалғасуда және біраз уақыт қажет.

"Банк өзінің мемлекет, клиенттер және серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерін сол күйінде сақтайды. Ребрендинг банк өнімдері мен қызметтерінің жұмысына әсер етпейді", – делінген хабарламада.

Jusan Bank-тің ребрендинг жасайтыны 28 мамырда белгілі болды. Банк бұл шешімді Алматы облысында өткен жылы құрылған Алатау қаласының дамуына атсалысу ниетімен түсіндірді. Жаңа логотиптің элементтері қаланың 4 ауданын білдіреді. 

Kaspi.kz компаниясының тең иесі Вячеслав Ким, Jusan Bank-ті сатып алуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен (ҚНРДА) рұқсат алғаннан кейін, Алатау қаласына жеке қаражатынан 1 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеген болатын.

Қазіргі уақытта Jusan Bank-тің негізгі иесі – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. Оның бақылауындағы First Heartland Securities компаниясы банктің 79,89% акциясына ие. Ал қалған бөлігі тікелей өзіне тиесілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жусан #банк #атау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);