AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Журналистиканың жеті артықшылығы

Журналистиканың жеті артықшылығы

Әлеумет 05.04.2023, 10:24 1,370
Журналистиканың жеті артықшылығы
phonoteka.org

1. Журналистиканың аясы өте кең: “Кімде кім ақпаратқа ие болса, әлемді сол билейді” деген қағида бар. Бұған сонау Алаш қайраткерлерінің бәрі журналистиканы ұлттық қару еткенін қосыңыз. “Дала уәләятынан” бастап “Қазақ”, “Айқап” тағы басқа басылымдарды қиын-қыстау кезеңдерде не үшін шығарғанын еске алсақ та жеткілікті. Журналистика - ұлттың айбары, қарасөздің қайрағы!


2. Журналистика - таза мемлекетшіл тұлғаларды шығаратын мамандық. Журналистер негізінен елшіл, мемлекетшіл, ұлтшыл көзқараста тәрбиеленеді. Елім дегенде етінен ет кесіп беруге даяр тұратын мәртебелі мамандық!


3. Кез келген қоғамның негізгі ұстыны  - Әділдік! Жергілікті биліктен, соттан әділдік таппағандар газет редакцияларына ақиқат іздеп, араша сұрап келеді. Әділетті қоғамның жаршысы да басқа мамандық өкілдері емес, дені - журналистер!


4. Журналист - ең бірінші сұрақ қою мүмкіндігіне ие маман. Қоғамның жетістігі мен кемшілігін, істің нәтижесін, ақжолтай жаңалықтар мен елдің мұң-зарын бірінші болып жеткізетін  жеделдігі мен өткірлігі тағы бар. Патшадан бастап пақырға дейін тікелей сұқбат алады, кез келген саладан хабары мол, көзі қарақты, көкірегі ояу; кез келген жағдайда 24 сағат жұмыс істей алатын қабілеті мен дағдысы бар жандарды қайдан табасыз?!.


5. Кез келген қоғам ақпаратқа, ағартушылық пен танымдық дүниеге аса зәру. Осының бәрін қамтамасыз ететіндер де журналистер!


6. Қоғамға - жоқшы, шырақшы, сақшы, үгітші, насихатшы, тілекші адамдар керек десек, қазақ қоғамының қалғып кетпеуі үшін жанын да, барын да салып келе жатқан, былық-шылыққа, жемқорлыққа, арамдыққа, қулық-сұмдыққа белшеден  бата қоймаған таза бір мамандық керек болса, оны осы журналистер ауылынан табасыз.


7. Кез келген мемлекеттің тілі, діні, ділі мен салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары - баға жетпес байлық. Тілдің тазалығын, сөйлеу, жазу, оқу мәдениетін қалыптастыратын да журналистер қауымы! Бір сөзбен айтқанда, Мұхтар Мағауиннің “Қазақ журналистикасы мен публицистикасы ақын-жазушылардан оқ бойы озып кетті” деген бағасы мен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің “Қазақ журналистикасы - ұлттық партия міндетін атқарып отыр”,- деген бір ауыз пәтуәлі пікірі талай нәрседен хабар берсе керек!
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Журналистика #қайраткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);