Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртіб...

Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібінің жобасы жарияланды

Әлеумет 31.12.2024, 11:07 688
Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібінің жобасы жарияланды
Сурет: nasha-molodezh.ru

Жобаны Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

— Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады, - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ бейбіт жиыннан хабар тарататын журналистердің арнайы айырым белгілерін тағып жүруі керектігі айтылған. Ол белгілер:

— Алдыңғы және артқы жағында «PRESS» деген жазуы бар ашық көк түсті кеудеше; 

— Қанық сары түсті, ортасында «PRESS» деген жазуы бар жеңдегі таңғыш;

— Ортасында «PRESS» деген жазуы бар көк түсті жапсырма.

Бейбіт жиын өтіп жатқан елді мекеннің әкімдігі журналист жіберетін сұрау негізінде журналистерді Жедел баспасөз орталығын ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралы бейбіт жиналыс өткізілетін күннен бір күн бұрын журналистердің санын көрсете отырып, еркін нысанда сұрау жібереді.

Жедел баспасөз орталығы лентамен қоршалып, электрмен жабдықталып, фото, бейнетүсірілім жасауға, сұхбат алуға жеткілікті жерден белгіленуі керек.

Дегенмен, журналистер арнайы лентамен қоршалған Жедел баспасөз орталығының сыртында да жұмыс істей алатыны айтылған.

Жергілікті әкімдіктер журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып баруға, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен сұхбат ұйымдастыруға, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге міндеттеледі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналистер #бейбіт жиын #жұмыс істеу #Тәртіп #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.