Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Журналистерді қолдайтын қайырымдылық қор құрылды

Журналистерді қолдайтын қайырымдылық қор құрылды

Әлеумет 01.02.2023, 07:21 1,217
Журналистерді қолдайтын қайырымдылық қор құрылды
Сурет: Вaq.kz

Бұл туралы "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли жазды.


Қордың жұмысы аз қамтылған отбасылардан шыққан жас журналистердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Біздің әріптестер, тілшілердің тынымсыз тіршілігі туралы айтқанда, бірінші кезекте Шерағаңның қанатты сөзі еске түседі. Қайталап жатпайын, оны бәріңіз де білесіздер. Расында, 1 жарым минуттық сюжетке, бір тұшымды мақала мен радиохабар үшін журналист күні бойы тірнектеп материал жинайды, тараптарды тыңдайды, жан-жақты мәлімет алады, т.б. Сол жұмыстар кезінде журналистен бөлек көзге көрінбейтін қаншама маман жұмыс істейді. Режиссер, оператор, жарық түсіруші, монтаж инженері, гримёр, дыбыс режиссеры, дизайнер, бет қаттаушы, контент-менеджер тіпті көлік жүргізушісіне дейін эфирге шығатын телерадио өнімдері мен газет, журнал, сайтта жарық көретін дүниенің әр минуты, әр әрпі үшін жан аямай жұмыс істейді. Бұлардың бәрі – бір сөзбен айтқанда, БАҚ қызметкерлері. Міне, сол БАҚ саласында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерге ақжолтай жаңалығымды жеткізгім келеді. Елордада «Журналистерді қолдау қайырымдылық қоры» құрылды. Бұл былтыр  көктемде басталған жұмыс еді, жақында ресми тіркеліп, құжатымыз қолымызға тиді», - деді ол.



Қордың жұмысы аз қамтылған отбасылардан шыққан жас журналистердің, жалғызбасты және көп балалы журналистердің материалдық жағдайын жақсартуға, жас мамандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, баспана мәселесінің шешілуіне ықпалдасуға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.



«Сонымен қатар, аталған ұйым журналистердің беделін арттыру, кәсіби-шығармашылық мүддесін, авторлық және сабақтас құқықтарын, ар-намысын, іскерлік беделін қорғау, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсарту, ардагер журналистерге тиісті деңгейде құрмет көрсету мақсатымен кәсіптік одақтармен ынтымақтастық орнатуды да жоспарлап отыр. Осы орайда, алғашқы қадамдар да жасалды. Нәтижесін алдағы уақытта жария етеміз. Әріптестеріміздің қандай да бір өтініштерін білікті ардагер журналистер мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия қарайтын болады. Алдағы уақытта ұйымның жұмысы туралы қосымша хабарлап отыратын боламыз», - деді Берік Уәли.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналист #қор #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.