ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Журналистер одағының жаңа бөлімшесі

Журналистер одағының жаңа бөлімшесі

Әлеумет 14.04.2022, 04:23 1,644
Журналистер одағының жаңа бөлімшесі
Суреттерді түсірген - К.Қонысбаев
«Вечерний Аlmaty» газетінің 85 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

«Вечерний Аlmaty» газетінің 85 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Журналистер одағының бөлімшесі ашылды. Алғашқы сөз кезегін ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матайұлы алып, жиналған көпшілікті осынау қуанышты мерекелі күнмен құттықтады.




– Бұл қарашаңырақ қолына қалам ұстаған барлық ақпарат саласы қызметкерлерінің туған үйі іспетті. Бәріміз осы жерден түлеп ұштық. Қиын да қызық саланың әліппесін оқып, үйрендік. Бүгін мен де, сіздер сияқты ұшқан ұяма үлкен толғаныспен, қуанышпен келіп тұрмын. Елімізге белгілі журналистика саласының нағыз майталмандары осында бас қосып отыр. Журналистер одағының еліміз бойынша бес жүзден астам мүшесі болса, өзіміздің туған факультетімізден ҚР Журналистер одағының бөлімшесін ашуды көптен бері армандап келген едім. Бүгін сәті келген сыңайлы, – деген Одақ төрағасы еліміздің басқа өңірлерінде де мұндай бөлімшелердің ашылатынын жеткізді.




Сөз кезегін алған Қазақ ұлттық университетінің проректоры Әлия Мәсәлімова оқу ордасында «Төртінші билік» бөлімшесінің ашылуына байланысты жоғары оқу орны ректорының құттықтауын жеткізді. Содан кейін Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақ ұлттық университеті арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осыдан соң шараға қатысушылар университетте ашылған белгілі көсемсөз шебері Жұмабек Кенжалин атындағы дәрісханаға жиналып, дәл осы қуаныш аясында танымал қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-журналист Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевтың мың жасаған шаһардың шежіресіне айналған «Вечерний Аlmaty» газетінің 85 жылдығына орай шығарған «Моя Вечерка» жаңа кітабының тұсаукесер рәсімін жасады.



Рәсім барысында шаһар шежіресіне айналған «Моя Вечерка» кітабының жарыққа шығуына ұйытқы болған «Alataý Aqparat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Төлеміс Бақтыбайұлы Күлмұхамедов Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалімен марапатталды

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.