Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Журналистер байқауының қорытындысы шықты

Журналистер байқауының қорытындысы шықты

Әлеумет 16.06.2023, 10:25 1,264
Журналистер байқауының қорытындысы шықты
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Жыл сайын Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі қалалық әкімдіктің Қоғамдық даму басқармасының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында байқау өткізеді. Биыл бірден 8 аталым жарияланды, барлығы 15 жеңімпаз анықталды.


Марапаттау рәсімі республикалық Достық үйінде өтті. Журналистер алдында Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Есенбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол журналистердің мегаполистің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялауда қосып жүрген елеулі үлестерін атап өтті.




«Алматының БАҚ саласында әрдайым шығармашыл, талантты, мәселеге бей-жай қарамайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін, қала үшін алаңдайтын адамдар жұмыс істеп келеді», - деп атап өтті ол.



БАҚ өкілдерін белсенді қатысқаны және кәсібилігі үшін профессор, академик және ҚР Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев құттықтап, алғысын білдірді. Ол жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының комиссиясын басқарды.  Журналистика ақсақалы қазіргі журналистер оқырмандар мен көрермендерге тәуелсіз пікірлер мен бағалаулардың кең палитрасын ұсынатынын атап өтті.


Қазылар алқасы мегаполистің даму тақырыбында жарық көрген үздік жұмыстарды анықтады. Конкурсқа БАҚ өкілдерінен барлығы 65-тен астам өтінім түсті. Байқау жеңімпаздары әр санат бойынша бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.


Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сюжеттер циклінде «Алмалы қала» деп аталатын негізгі аталым бойынша «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Нұрсұлтан Тілектесов пен  «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі Айгүл Мұхамбетова жеңіске жетті.


Алматы қаласының еңбек адамдары туралы баспа басылымындағы үздік материалдары үшін «Жұмыс күндері де, мереке күндері де» аталымында «Almaty aqshamy» газетінен Нұржамал Әлішева мен «Курсив» газетінің тілшісі Наталья Качалова марапатталды. 


«Разворот» аталымында (қала өмірі туралы үлкен талдамалық материал) Inbusiness.kz.портал атынан Құралай Құдайбергеннің алдына ешкім түсе алмады.  


Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша аталымдар бойынша жеңімпаздардың тізімі келесідей:


1) «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта БАҚ-тағы үздік жарияланым - Zakon.kz басқарушы директоры Қайрат Шайхиев және Orda.kz порталының журналисі Александр Смолин.


2) «Цифрлы Алматы» - Хабар 24 журналисі Қарлығаш Қайыпбекова және Sputnik Казахстан ақпарат агенттігінен Александр Мироглов.


3) «Нысанаға дөп тиген» («Прямо в яблочко») - БАҚ-тағы проблемалық сұрақтар мен оларды шешу жолдары туралы жарияланымдар - журналист Бәйге ньюс Альберт Ахметов, интернет-портала NUR.KZ интернет-порталының журналисі Юлия Абрамова және Orda.kz Жанар Кусанова. 


4) «Объективтегі қала» - Алматы қаласы туралы үздік фото жұмыс - жеңімпаз Tengrinews.kz порталынан Әлихан Сариев. 


5) «Телеграмда» - Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы телеграм-каналдағы үздік жарияланым - Илья Ролдугин, Orda.kz.


Сондай-ақ қала әкімінің «Алғыс хатымен» Акчурин Ильзат Шухретович, «Алматы» телеарнасы, Самат Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасының операторы, Мырзагалиева Акерке Болатовна, «Вечерний Алматы» газеті, Сулейменова Нэля Патретиновна, «Вечерний Алматы» сайты, Жұмаділова Құралай Иманбекқызы, «Алматы Ақшамы» газеті, Конуспаев Кайрат  Мукашевич, «Вечерний Алматы» газетінің фототілшісі марапатталды.


Ресми салтанатты бөлімнен кейін іс - шараның қонақтары-журналистер мен ұйымдастырушылар бейресми және достық қарым-қатынаста сөйлесуге, бір-бірімен танысуға және пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналистер #байқау #номинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.