AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Журналист АҚШ-та "Абай велошеруін" өткізетінін айт...

Журналист АҚШ-та "Абай велошеруін" өткізетінін айтты

Мәдениет 21.07.2025, 16:26 835 Сұлу
Журналист АҚШ-та "Абай велошеруін" өткізетінін айтты
pixabay.com

Танымал журналист, велошабандоз Ернат Рахметолла Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай АҚШ-та велошеру өткізуге бел буғанын айтты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Кезекті велошеруімді АҚШ-та өткізуге белді бекем будым. Көрмеген ел, жүрмеген жер. “Келе қал, дәмді тағам мен жайлы төсегің дайын” деп күтіп отырған ешкімім де жоқ. АҚШ-ты аузын айға білеген әлемдегі ең алпауыт, экономика және әскери жағынан №1 ел екенін білеміз. Көлік, пойыз, ұшақ емес, белесебетпен аралаудың қызығы өз алдына. Көбірек көресің, жақынырақ танисың. Әрине қиындығы да болады. Оларды шеше білу, төзе білу – Абай атам айтпақшы, жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат, мінезді қажет етері сөзсіз", - деді ол. 

Журналист АҚШ-тағы “Абай велошеруінен” күнделік жазып, бөлісіп отыратынын айтты. 

Айта кетейік, биыл ұлы Абайдың 180 жыл мерейтойы атап өтіледі. Ол 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. 

Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #велошеру #АҚШ #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);