Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жүргізушілердің мастығын тексерудің жаңа ережесі ә...

Жүргізушілердің мастығын тексерудің жаңа ережесі әзірленді

Әлеумет 22.09.2022, 07:02 1,208
Жүргізушілердің мастығын тексерудің жаңа ережесі әзірленді
Сурет: Almaty.tv

Жаңа ережелердің бекітілуімен ескі құжаттардың күші жойылады.


ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресімдеу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қағида жеке тұлғалардың алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйін куәландыруға жіберу және оның нәтижелерін ресімдеу, сондай-ақ көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргізушілердің масаң күйін куәландыру тәртібін айқындайды.



Жеке тұлғалардың, оның ішінде көлiк құралдарын басқарудан шеттетiлген жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң масаң күйiн куәландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасымен осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар масаң күйдi  айқындайтын арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану арқылы тiкелей әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде және/немесе медициналық ұйымдарда жүргiзе алады.



Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.


Масаң күйін куәландыру актісі тиісті хаттамаға қоса беріледі.


Жолдамаға оны толтырған лауазымды адам, сондай-ақ куәландыруға жiберілген жүргізуші қол қояды.



Куәландыруға жiберiлген жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы медициналық ұйымның куәландырудан бас тартуына негiз бола алмайды. Жеке басы туралы мәлiметтер куәландырушының сөзiнен жазылып алынады.



Қағидаға сәйкес, арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану алдында олардың жарамдылығы, метрологиялық тексеру күнi тексерiледi.


Куәгерлер болмаған кезде жүргізуші куәландыруды олардың келiсiмiмен жүргiзуге жол берiледi. Мұндай куәландырудың нәтижелерi куәландырылушының келiсiмi туралы белгiсi бар куәландыру актісiнде жазылады.


Жүргізуші әкiмшілiк құқық бұзушылық жасалған жерде куәгерлердiң қатысуынсыз куәландыру жүргізуге немесе куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық мекемеге медициналық куәландыруға жiберiледi.



Жүргізуші әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада, масаң күйiн куәландыру актiсiнде немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса берiлетiн жекелеген түсiнiктемеде масаң күйiн куәландырудан өтуден өзiнiң бас тарту уәждерiн жазады.



Жүргізуші масаң күйiн куәландырудан жалтарған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде толтырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада және масаң күйiн куәландыру актiсiнде бұл туралы белгi жасалады.


Құжат 4 қазанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Мас #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.