AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе не істеу к...

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

Әлеумет 02.11.2022, 10:01 2,648
Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?
Сурет: Ult.kz

Құжатының мерзімі өтіп кеткен көлікті жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық.


Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, оны ауыстыру кезінде емтихандарды қайта тапсыру қарастырылмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ШҚО Полиция департаменті жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстырған дұрыс, себебі құжатының мерзімі өтіп кеткен көлікті жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын атап өтті.


Сонымен, егер құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе, бірақ сіз оған мән бермей, көлікті басқаруды жалғастырсаңыз, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. 20 АЕК (61 260 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл 30 АЕК (91 890 теңге) құрайды.


Полицейлер түсіндіргендей, республикадағы барлық жүргізушілер, соның ішінде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер де мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстыра алады.


Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (Мамандандырылған қызмет көрсету орталығы) хабарласу керек немесе eGov.kz және Kaspi.kz сайттарында онлайн өтініш жазу керек.


Бұл ретте мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде емтихандарды қайта тапсыру қарастырылмаған.



«Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін айырбастауға өтініш берген кезде жеке куәлік, 1,25 АЕК (3828 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек, 073 нысандағы медициналық анықтама сияқты құжаттар қажет», деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Еркін Әнуарбеков.



Жаңа жүргізуші куәлігін сол күні ала аласыз.


ПД Қазақстанда жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге берілетінін, көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны ауыстыру қажет екенін еске салды.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #полиция #Жүргізуші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);