AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады

Жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады

Заң мен тəртіп 30.07.2024, 13:13 1,157 yakiya
Жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады
Сурет: Egemen.kz

Премьер-министр автомектептерді есепке алуды тапсырды.

Олжас Бектенов автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасы мен жүргізу мәдениетіне теріс әсер еткенін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Автокөліктің техникалық жай-күйі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жыл сайын еліміздегі автопарк саны өсіп жатыр. Ал автокөліктерді техникалық тексеру сапасыз жүргізіледі", - деді Бектенов.

Ол техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап, жұмыс істейтінін айтты.

"Жол үстіндегі қауіпсіздік және адамдардың өмірін сақтау мәселесі жекелеген тұлғалардың мүддесінен биік тұруға тиіс. Техникалық тексеру орталықтарының жұмысын жөнге келтіретін уақыт жетті. Көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырамын", — деп атап өтті Бектенов.

Сонымен қатар, үкімет басшысы қазір оқу орталықтарын ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейтінін, сондықтан олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ екенін де мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастағандықтан, оқу процесі көбінесе формальді түрде жүзеге асырылады. Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық автомектепті есепке алу тапсырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе талданады және қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады", - деді премьер-министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бектенов #Жүргізуші #Куәлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);