AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Junior Eurovision: Қазақстан нешінші орын алды?

Junior Eurovision: Қазақстан нешінші орын алды?

Әлем 12.12.2022, 02:20 1,167 Almaty-akshamy
Junior Eurovision: Қазақстан нешінші орын алды?
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан «Junior Eurovision» додасына осымен бесінші рет қатысты


Армения астанасы Ереван қаласында өткен «Junior Eurovision-2022» халықаралық ән байқауында франциялық өнерпаз жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аталған өнер сайысында Қазақстан атынан Давид Чарлин өнер көрсетті. Ол сахнаға үшінші болып шығып, жоба үшін арнайы жазылған «Жер-Ана» атты әнін орындады.


Дауыс беру барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін басталып, 15 минут бойына жалғасты. Байқау нәтижесі ұлттық жюридің бағалауы мен әлемінің 178 елінің халқы берген онлайн-дауыс қорытындысы бойынша шығарылды. Оған сәйкес, франциялық әнші Лиссандро «Oh Maman!» туындысымен жеңіске жетті. Екінші орынды Армения елінің қатысушысы Наре иеленсе, грузиялық өнерпаз Мариам Бигвава үшінші орынға тұрақтады.


Ал қазылар алқасы қазақстандықтың Давид Чарлиннің өнеріне - 5, көрермендер - 42 бал беріп, жалпы есепте 47 ұпай жинады. Осылайша, Қазақстан «Junior Eurovision-2022» халықаралық ән байқауында 15-орынды иеленді.


Ән байқауының тікелей трансляциясы «Хабар» телеарнасының эфирінде, сондай-ақ Junior Eurovision-нің YouTube-арнасында жүргізілді.


Айта кетейік, Қазақстан «Junior Eurovision» додасына осымен бесінші рет қатысты. Биыл ән байқауында елімізден бөлек, 15 еуропалық мемлекеттің жас әншілері бақ сынады.


Еске салсақ, 2018 жылы бұл байқауға Қазақстан атынан алғаш болып жас әнші Данелия Тулешова қатысып, 6-орын иеленген болатын. 2019 жылы жалпы дауыс беру нәтижесінде Ержан Максим 2-жүлделі орынға ие болды. 2020 жылы Қарақат Башанова да 2-орынға табан тіреді. Былтыр Қазақстаннан Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин қатысып, 19 елдің ішінен 8-орынға тұрақтаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Junior Eurovision #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);