Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыр...

Жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек

Әлеумет 20.12.2023, 09:50 1,210
Жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек
Сурет: ашық дереккөз

Жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы тиіс екенін Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салықтық режимдерді әкімшілеу департаментінің директор Нұржан Қуандықов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіріс» туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – шамамен 580 мың жеке тұлға тапсырған. Екінші кезеңде осы жылы квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шамамен 2,1 миллион адамды құрады. Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады. Шамамен 3,9 миллион адам жоспарланған», - деді ол.




Департамент директорының атап өтуінше, төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары тапсыратын болады. Олар – 6,9 миллион адам. 2025 жылы 13 миллионнан астам жеке тұлғаны қамту жоспарланған.




«Келесі жылы бизнесмендер жеке мүліктерін жариялайтынын ескере отырып, осы санаттағы декларанттарға назар аударғым келеді. Олар – жеке кәсіпкерлер, бірінші басшылар, құрылтайшылар, заңды тұлғалардың қатысушылары. Жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек. Алайда, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары заңды тұлға болып табылмайтындықтан, декларация тапсыруға міндетті емес», - деді Нұржан Қуандықов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #делкарация #мүлік #салық #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.