Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыссыздарға электронды хабарлама арқылы вакансия...

Жұмыссыздарға электронды хабарлама арқылы вакансия ұсынылады

Әлеумет 11.10.2022, 06:51 1,184
Жұмыссыздарға электронды хабарлама арқылы вакансия ұсынылады
Сурет: Еgemen.kz

Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыссыздарға бос жұмыс орындары туралы электронды хабарламалар жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол биыл Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 269 мыңнан аса жұмыс орны құрылуы тиіс екенін атап өтті. Қазір 203 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Алайда 175 мыңы – уақытша жұмыс.



«Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек. Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет», - деді Смайылов.



Отбасының цифрлық картасы, Электронды еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электронды хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады, - деп жалғастырды сөзін Премьер-Министр.



«Жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет», - деді Үкімет басшысы.



Смайылов Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша KPI көрсеткіші негізінде бағаланатынын еске салды.


Сондай-ақ ол жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аударуды тапсырды.



«Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығады. Олардың жұмыс тәжірибесі жоқ, сондықтан жастарға бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмектесу керек», - деді Премьер-Министр.



Смайылов тиісті министрліктерге еңбек адамының оң имиджін қалыптастыруды тапсырды.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #вакансия #хабарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.