ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыссыз жүрген жастарға жол көрсетеміз

Жұмыссыз жүрген жастарға жол көрсетеміз

Әлеумет 27.05.2025, 17:42 637
Жұмыссыз жүрген жастарға жол көрсетеміз
Суреттерді түсріген - Қ.Қоныспаев
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жетісу ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жетісу ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Бұл — мегаполистегі үздік компаниялардың өзіндегі бос жұмыс орындарын ұсынып, ынталы жастармен тікелей жүздесіп, диалог орната алатын маңызды алаң. Іс-шараға IT, қаржы, білім беру және басқа да салалардағы жетекші компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ірі корпорациялармен бірге болашағы зор стартаптар да бар.

“Айнабұлақ-1” ықшамауданындағы адам аяғы көп жүретін Арбат алаңында өткен жәрмеңкеде жастар өз түйіндемесін тапсырып, HR мамандарымен тікелей әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, жұмысқа орналасуға қатысты пайдалы кеңестер мен бағыт-бағдар беру үшін арнайы ұйымдастырылған консультациялық бұрыштардың алды да бос болмады.

”Бұл — жыл басынан бері қалалық Мансап орталығы ұйымдастырып отырған жетінші жәрмеңке. Бүгінгі іс-шараға қырықтан астам мекеме қатысты. Ең басты мақсат — осы жоба арқылы жұмыс іздеп жүрген жастарға қолдау, жол көрсету, жұмыс табуына көмектесу. Сондай-ақ, осы компаниялар өкілдерінің көмегімен шеберлік сабақтарын, семинар, дәрістер өткізудеміз. Нәтижесі жақсы. Негізі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне тек жастар қатысады деген шектеу жоқ, жұмыс іздеп жүрген ересектер де келіп қатыса алады”, — дейді Алматы қалалық Мансап орталығының қызметкері Ақарыс Төребеков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.