Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыссыз жастар арасында әскери-далалық лагерь өтк...

Жұмыссыз жастар арасында әскери-далалық лагерь өткізілді

Әлеумет 13.07.2023, 09:33 1,121
Жұмыссыз жастар арасында әскери-далалық лагерь өткізілді
almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылдың 10 шілдесі күні Жамбыл облысы, Гвардейский оқу орталығында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен «Jiger» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында әскери-далалық лагерьдің салтанатты жабылу рәсімі  өтті.


Бұл жоба тұңғыш рет пилоттық жоба ретінде Алматы қаласы және Жетісу облыстарында жүзеге асырылды.


Әскери-далалық лагерьге 18-ден 24 жасқа дейінгі Алматы қаласының жұмыспен қамтылмаған 30 жасы қатысты. Лагерь 17 күнге созылды. Әскери-далалық лагерьде әскери оқу-жаттығу жұмыстары, жастардың далалық машықтарын пысықтау, жеке құрамға жаңа техникаларды таныстыру, оқу-жаттығу барысында жауынгерлік техникамен қару жарақтың түрлерімен танысу, әскер бөлімдерін және әскер түрін соғыс тәртібіне келтіріп, жастардың тактикалық білімін жетілдіру және т.б. жұмыстары жүргізілді.


Әскери-далалық лагерьдің жабылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы күштерінің өкілдері, Жастар Саясаты басқармасының өкілдері қатысты .


Жастар саясаты Басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Болатұлы  әскери-далалық лагерьдің  жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, офицерлік құрамға және курсанттарға осы лагерьді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс білдірді. Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасы кез-келген бастаманы, соның ішінде жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін, осындай жобаларды әрқашан қолдауға, ұйымдастыруға дайын екендігін жеткізді.


 Осы лагерьді ұйымдастырған Алматы студенттер Альянсына ерекше ықыласын білдіріп, болашақта жобаның жалғасын табатындығын айтты!


Алматы студенттер Альянсы КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы  жиналғандарды 17 күндік лагерьдің аяқталғанымен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді:



«Құрметті қатысушылар, екі аптаны өте жоғары деңгейде өткізгендеріңізді көруге болады. Осы алған дағдыларыңызды ұмытпай, әрқашанда жетілдіріп жүріңіздер. «JIGER» әскери-патриоттық лагері бірінші рет өткізіліп отыр. Жалпы әскери-патриоттық бағыттағы жобаларды Алматы студенттер Альянсы 4 жыл қатарынан өткізіп келе жатыр. Жас Сарбаз қозғалысымен бірге оқушылар, студенттер арасында өткізетін едік, биыл алғаш рет Жастар саясатының қолдауымен әскери базаның төңірегінде жұмыссыз жастармен өткізіп отырмыз».



Лагерь қатысушылары өздерінің пікірлерімен бөлісіп, әскери өмірге деген көзқарастарының өзгергендігі туралы, лагерь барысындағы қызықты сәттері туралы пікір білдіріп, ой бөлісті.



Әскери-далалық лагерь қатысушысы Исмагулов Абзал Қуанышұлының пікірінше Гвардейский гарнизоны 30212 әскери бөлімінде өткен «Jiger»  әскери-далалық лагерьінде әскери тәртіпке үйреніп қана қоймай, қару-жарақ  пен әскери техника түрлерімен танысқан, одан бөлек жоспар бойынша өткен сабақтардың ерекше әсер еткенін жеткізді. Жетісу облысы мен Алматы қаласы жастары арасында көптеген жарыстар болып, сол жарыстардың нәтижесінде жетістікке жеткен курсанттар марапаттар алған. Болашақ сарбаздарға «Отан қорғау Қазақстан Республикасының әр ер азаматының парызы, сондықтан баршаңызды Отан алдындағы борыштарыңызды өтеуге шақырамын»-деді.



Сонымен қатар, лагерь қатысушылары және Қорғаныс минстрлігінің өкілдері Жастар саясатаның атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #қорғаныс #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.