ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді

Алматы 03.09.2025, 10:17 401
Жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді
Алматы әкімдігі
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы құрылыс-техникалық колледжінде баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып,...

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы құрылыс-техникалық колледжінде баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің тәжірибеден қалай өтетінін өз көздерімен көрді. Колледжде бүгінде 41 оқу кабинеті, спорт және акт залы, жатақхана мен үлкен кітапхана жұмыс істейді. Ең бастысы – оқу процесіне қажет тоғыз шеберхана мен зертхана студенттердің еркін білім алуына жағдай жасап отыр. Заманауи құрылғылар орнатылған зертханаларда жастар тек теорияны ғана емес, нақты тәжірибені меңгереді.

Осыған байланысты колледж директоры Бектұрған Ахметов оқу орнының артықшылықтарына тоқталды:
«Біздің колледж 1969 жылы құрылған. Қазіргі таңда 8 мамандық бойынша 1200-ден астам студент білім алуда. Жыл сайын жұмысшы мамандықтарына қызығушылық артып келеді. Биыл студенттер саны былтырғыдан 50-ге көп. Біз Алматыда сантехника және жылу жүйесі бойынша бірегей мамандар дайындаймыз. Жақында “Хаус-мастер” мамандығын аштық. Бұл мамандық сантехник, электрик, дәнекерлеуші қызметтерін біріктіреді. Студенттеріміз халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр», – деді ол.

Колледж дәстүрлі білім берумен шектелмейді. Мұнда студенттердің кәсіпкерлік дағдысын қалыптастыру үшін «Business Startup» орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Дәнекерлеу ісі» бағыты еуропалық стандарттарға сәйкес бағаланып, жоғары деңгейде мойындалған. Мұның бәрі жастардың бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.

Осы мүмкіндіктерді пайдаланып жүрген студенттердің бірі – сантехника мамандығын меңгеріп жүрген Дмитрий Климов. Ол өзінің таңдауы мен жетістіктері туралы айтты:
«Бұл сала әрқашан қажет. Чемпионаттарда бақ сынап, бірінші орын алғаным бар. Қазір халықаралық деңгейде өнер көрсетуге дайындалып жүрмін. Колледж маған үлкен мүмкіндік берді, мұғалімдеріміз көп нәрсеге үйретті. Болашақта өз компаниямды ашып, елге пайдалы кәсіпкер болғым келеді», – деді жас маман.

Жастардың жетістігі тәжірибелі ұстаздардың еңбегімен тығыз байланысты. Оқытушылар студенттерді бірінші курстан бастап, сызба сызуға, құрылыс материалдарын тануға, кейіннен шынайы шеберханаларда еңбек етуге баулиды. Сабақ барысында жастардың қателіктерін түзетіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Уақыт өте олар дербес жұмыс істей бастайды, бұл болашақ мамандардың кәсіби білігін арттырады.

Осы жайында оқытушы Жанар Қаратаева пікір білдірді:
«Біз студенттерді қарапайым сызбадан бастап, күрделі құрылыс жұмыстарына дейін үйретеміз. Алғашқы күндері бақылап қана жүрсе, уақыт өте өздері еркін жұмыс істей бастайды. Қазіргі жастар мамандықты жүрек қалауымен таңдап жатыр. Президентіміз айтқандай, жұмысшы кадрлар қоғамның тірегі болуы тиіс», – деді ол.

Колледждің ең үлкен артықшылықтарының бірі – дуальді оқыту жүйесі. Яғни студенттер тек теориялық біліммен шектелмей, серіктес кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл тәжірибе жиһаз фабрикаларынан бастап IT-компанияларға дейін қамтиды. Мұндай әдіс жас мамандардың кәсіби тұрғыда жетілуіне, болашақта жұмысқа тез бейімделуіне мүмкіндік береді.

Мастер Алмас Құрниязов та шеберханалардың жұмысын таныстырып өтті:
«Біздің шеберханалар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Металл өңдеу, дәнекерлеу және құрылыс жұмыстарында студенттер халықаралық деңгейде дайындалады. Былтыр шәкіртіміз Францияда өткен WorldSkills чемпионатында жүлде алды. Биыл тағы бірнеше студентіміз шетелге жолдама алып отыр», – деді ол.

Алматы құрылыс-техникалық колледжі бүгінде білім, тәжірибе және халықаралық байланыстарды үйлестіре отырып, еңбек нарығына сұранысқа ие білікті кадрлар даярлап келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.