Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 12 млрд....

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 12 млрд. теңге бөлінді

Әлеумет 16.01.2024, 09:43 1,033
Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 12 млрд. теңге бөлінді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 11,2 мың жұмыс орнын қамтитын жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру 40%-ға ұлғайды


Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйінде қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың, Қоғамдық кеңес өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселесі бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімінің орынбасары осы жылға арналған бағдарламаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін түсіндіріп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


Негізінен Жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастыру өлшемдеріне, ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін қосымша жұмыс орындарын бөлуге және жалақыға бөлінетін субсидиялардың мөлшеріне қатысты мәселелер көтерілді.



«Биыл жыл басында Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 12 млрд. теңге қаржы бөлінді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жоғары, соның арқасында 11,2 мың жұмыс орны құрылады. Қала әкімдігі Жұмыспен қамтудың бірде-бір бағдарламасын қысқартқан жоқ. Сонымен қатар, «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы бойынша жұмыс орындарының саны 380-ден 500-ге дейін көбейтілді. «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша 30%-ға ұлғайып, 8.7 млрд. теңге бөлінді», - деді Әсем Нүсіпова.




Алматы әкімі орынбасарының айтуынша, былтыр Жұмыспен қамту бағдарламасының бюджеті екі рет түзетіліп, бірнеше бағыт бойынша едәуір ұлғайған, алайда бұл тәжірибенің даулы тұстары бар еді. Оның айтуынша, биыл да түзетулер болуы мүмкін, бірақ бұл қосымша субсидияланатын жұмыс орындарының қажеттілігін терең талдау нәтижесіне байланысты.


Жалпы, 2024 жылға арналған жұмыс берушілердің тізбесі жұмыс берушілер берген өтінімдер мен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік пайдалы кәсіптер бойынша қажеттілігі негізінде қалыптастырылды. Оны бекіту кезінде жұмыс берушілердің қатысу жиілігі, электрондық еңбек шарттарын жасасу, жалақы төлеу шарттары мен мерзімдерін сақтау сияқты критерийлер ескерілді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін тізім Еңбек мобилділігі орталығының сайтында (www.ctm-almaty.kz) жарияланған.



«Соңғы жылдардың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыруды талдау бір жұмыс берушілерге субсидиялар жиі берілетінін көрсетті. Сонымен қатар, жұмыссыздардың тізімі өзгерген жоқ, себебі олар өздерінің біліктілігін арттырып, тұрақты жұмыс орнына орналасқысы келмеді. Осыған орай, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы цифрлық технологиялар арқылы бақылау шараларын күшейтті», - деді әкімнің орынбасары.



Оның сөзінше, бұл жауапсыз жұмыс берушілерді анықтауға және жаңа 2 мың ұйымға бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік берді. Әрі Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысушылар үшін «Skills Enbek» порталында онлайн оқыту қарастырылған, бұл олардың мансаптық дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді.


Әлеуметтік пайдалы кәсіптер бойынша барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер үшін субсидияланатын жұмыс орындарына өтінімдер осы жылдың қаңтар айының соңына дейін қабылданатынын атаған жөн.


Бұл ретте, Әлеуметтік қызметтер үйінде дүйсенбі күні сағат 12.00-де Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сонымен бірге, Еңбек мобилділігі орталығының жауапты лауазымды адамдары барлық норманы түсіндіру үшін ҮЕҰ өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #еңбек #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.