Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыс көп, жұмысшы жоқ

Жұмыс көп, жұмысшы жоқ

Әлеумет 22.06.2023, 11:20 922
Жұмыс көп, жұмысшы жоқ
Сурет: ашық дереккөз

Ұлыбританияда жұмыс көп, бірақ жұмыс күші жетіспейді.


Брексит Еуропадан келетін мигранттарға тосқауыл қойып тастағалы еңбек нарығындағы жағдай күрделене түсті, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Карантиннен кейін жұмысқа шықпай қойған егде жастағы кісілер де жығылғанға жұдырық болып отыр. Кадр тапшылығына тап болған мекемелер жұмыс күшін тарту үшін халықты жоғары жалақымен қызықтыруға мәжбүр. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы ма? Ұлыбританияда жұмыс істейтін адамдар жетіспейді. Әсіресе халыққа қызмет көрсету саласында маман тапшы. Ел Еуропалық одақ құрамынан шыққаннан кейін еңбек-мигранттары туған жерлеріне оралған. Ал Еуроодақ құрамына кірмейтін мемлекеттерден келген жұмысшылар олардың орнын толтыра алмай отыр. Елде бос жұмыс орындары миллионан асқандықтан жұмысшыларға деген талас күшейе түсті. Жұмыс берушілердің жоғары жалақымен қызықтырудан басқа амалы қалмағандай, деп жазды 24.kz.



- Егер жағдай бұлай жалғаса беретін болса, бизнесіміздің сақталуы  неғайбыл. Газ бен жарықтың бағасы шамамен 70 процентке өсті. Жұмыс күшіне төленетін жалақы артты. Ал бағаларымызды 8 процентке ғана қымбаттаттық. Осылайша кірісіміз азайды.  Көктемде айлық өткен жылмен салыстырғанда 7,2 процентке артқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бірақ бәрібір 8,7 процентті құрайтын инфляциядан төмен. Демек жалақы көлемі 2,8 процентке түсіп кетті деген сөз, - дейді кафе иесі Питер Нил.


 - Оптимизм тұрғысынан алып қарағанда жалақының көбеюі жұмысшылар үшін жақсы. Бірақ бұл экономика үшін тиімсіз. Яғни инфляцияның шарықтауына себепші болады. Англия банкі проценттік мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін. Бұл өз кезегінде несиесі барларды тығырыққа тірейді.  Коронавирустың екінші толқынынан кейін жұмыс істейтін егде жастағылардың саны азайды. Олардың кейбірі уақытынан бұрын зейнет демалысына шығып кетті. Ұзақ науқастанған адамдардың саны рекордтық деңгейге жетіп, еңбек нарығының аясы тарылды. Қаржы саласына жауаптылардың пікірінше, баға әлі де өседі, -деген пікір білдірді сарапшы Энтони Грейлинг.


 - Мәліметтерге сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай қиын болып тұр. Бос жұмыс орындарын ұсынушылар азайып келеді, бірақ бұл өте баяу қарқын алуда. Инфляция деңгейінің төмендейтіндігіне сенімдіміз. Бірақ біз болжағандай емес, бұған көптеу уақыт кетейін деп тұр.  Еңбек нарығындағы күрделі жағдай инфляцияға кері әсерін тигізіп, экономикалық өсімді шектеуі мүмкін. Кейбір мемлекеттік қарыздардың да көлемі артпақ. Елде өмір сүру құны қымбаттағандықтан кезінде Брекситті қолдағандар райынан қайтып жатыр. Бұған сауалнамалардың қорытындылары дәлел, дегенді алға тартады Англия банкінің басқарушысы Эндрю Бейли. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #жұмысшы #Ұлыбритания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.