Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі

Жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі

Әлеумет 11.11.2024, 17:17 832
Жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа «Alem City 3» тұрғын...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа «Alem City 3» тұрғын үй кешенін аралап көрді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сапар барысында Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді. 

Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. 2024 жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і ХӘОТ-қа, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.

Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ. Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек. 

Биылғы 10 айда 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде: 1655-і кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алғандар; 2100-і жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алғандар; 226-ы жылдық 2-5% жеңілдетілген несие беретін бағдарлама арқылы баспана алғандар; 847-ы «Алматы жастары» бағдарламасы аясында үйлі болғандар. Сондай-ақ, 187,3 млн теңге сомасына 160 тұрғын үй сертификаты берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.