Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Әлеумет 30.12.2024, 11:31 550
Жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алады?
instagram.com/jamilya_serkebaeva_violin

Атақты скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева отбасылық мереке – Жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы айтып берді.

– Әдеттегідей, Жаңа жылды жақындарыммен және туған-туыстарыммен бірге дәстүрлі түрде өзіме жақындардың ортасында шам жарығымен әрленген әдемі дастарқан басында қарсы алуды жоспарлап отырмын. Дәстүрлі жаңа жылдық шыршаны ұлым және әкеммен бірге безендірдік. Шырша үйге ерекше жылулық сыйлайды, ересектер мен балалар мерекені күтудің ерекше көңіл күй сыйлайды, бұл сезім жылдар өтсе де өзгермейді, – дейді Жәмилә Серкебаева.

Отбасылық дәстүр бойынша, дастарқанда скрипкашының әжесі мен анасы дайындаған тағамдар міндетті түрде болуы керек, бұл арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер сақталады.

– Әдетте, біз үлкен дастарқан дайындаймыз, негізгі ыстық тағам ретінде манты немесе алма қосылған қуырылған үйрек пісіреміз. Біздің дастарқанымызда міндетті түрде қазақтың дәстүрлі тағамдары, түрлі дәмдер мен тәттілер болады, – деп атап өтті біздің сұхбаттасушымыз.

Серкебаева отбасындағы ең сүйікті дәстүрдің бірі – Жаңа жылда жақындарына, туған-туыстарына және достарына сыйлық беру екенін айтты.

– Қазірдің өзінде оннан астам сыйлықтар салынған қапшықтар бөлмені толтырып тұр. Бұл бізге қазақтың сый жасау және қонақжайлылық дәстүрін еске салады. Өзім де сыйлық жасауды жақсы көремін, маған ең қатты ұнайтыны – сыйлықты алған адамның шынайы әрі жарқын эмоциясын көру. Бұл мені ерекше қуаттандырады, ал сыйлықты дәл тауып бергенімде қуанышым еселене түседі.

Биыл ұлымның Жаңа жылды менімен бірге қарсы алуды шешкеніне ерекше қуаныштымын. Көптеген жасөспірімдер белгілі бір жаста достарымен бірге мерекені көңілді өткізуге ұмтылады, – деп мәдениет қайраткері бөлісті.

Сондай-ақ, ол балалық шақтағы Жаңа жылды қарсы алу туралы естеліктерімен бөлісті:

– Әжемнің (әкемнің анасы) қарақат қосылған бәліші ерекше дәмді болатын. Ал ең жарқын әсер – Жаңа жыл қарсаңында анамның әкесінің келуі. Сол уақытта қатты қар жауып тұрған еді, оның шашы аппақ, Аяз атаға ұқсайтын. Әрдайым үлкен шыршаны алып келетін, үсті-басын қар басқан, пальтосы да аппақ болатын. Барлығы ертегідей көрінетін. Бұл балалық шақтағы әсер ешқашан ұмытылмайды.

Мені көп еркелетпейтін, себебі ол кезде ата-анам қарапайым өмір сүрді. Бірақ, олар әрдайым менің қалауларымды орындауға тырысты, – дейді Жәмилә Серкебаева.

Жаңа жылдық тілектерін айтқанда, ол бейбітшілік пен өзара түсіністікті, мәдениет пен дәстүрлерді құрметтеуді ерекше атап өтті:

– Әр жүрек мейірімге толып, өмір баршаға қуаныш пен бақыт сыйласын деп тілеймін. Ең бастысы, біз барымызды бағалап, өмірден ләззат алуымыз керек. Барлық адамдардың бақытты болуын, дастарқандары жайнап, балалардың күліп-ойнап, жетістіктерімен қуантуларын қалаймын. Бір-бірімізге деген шынайылық пен махаббат арта берсін, – деп түйіндеді Жәмилә Серкебаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #мереке #көңіл күй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.