Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жуалыдағы жол апатынан 19 адам зардап шекті

Жуалыдағы жол апатынан 19 адам зардап шекті

Әлеумет 31.01.2024, 13:11 1,022
Жуалыдағы жол апатынан 19 адам зардап шекті
Сурет: Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Жамбыл облысының Жуалы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты Тараз қаласынан Түркістан облысына қарай, «Алматы-Ташкент» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың жабық учаскесінде (567 км) жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Қазвтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметтері бойынша, оқиға «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының бойында сағат шамамен 10:45 кезінде Тараз қаласынан 40 км қашықтықта болған, шамамен 15-20 көлік соқтығысқан. Айта кететін мәселе, аталған жол бөлігінде сағат 10:00 мен 10:30 кезінде көлік қозғалысына енгізілген шектеу уақытша алынған.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеңіл, жолаушылар автобустары және жүк көлігімен Б.Момышұлы аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 19 адам жеткізілген. Оның біреуі бала. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері көлік арасында қысылып қалған адамдарды шығарып, өзге де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза болғандар жоқ.


Ал, Нұрлыкент ауылының Мәдениет үйіндегі жылыту пунктіне 39 адам жеткізілген, оның ішінде 8-і бала.


Оқиға орнында ТЖД, полиция, Апаттар медицинасы орталығы, жедел медициналық көмек ауруханасы өкілдері көмек көрсетіп жатыр.


Облыс аумағында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты департамент базасында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған. Психологиялық қолдау үшін сенім телефонына байланысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол апаты #Қазавтожол #жамбыл облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.