AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жөргекпұлы тұрады 400 мың теңге

Жөргекпұлы тұрады 400 мың теңге

Әлеумет 15.02.2026, 11:18 308 yakiya
Жөргекпұлы тұрады 400 мың теңге
Cурет: pixabay.com

Баласына Кенесары деп есім берген 10 ата-ана 400 мың теңгеден жөргекпұл алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл сүйіншінің иесі – журналист Нұрсейіт Жылқышыбай. 

Шарт бойынша, болашақ Кенесарылар наурыз айында дүниеге келуі керек.

"Достар, алда наурыз айы келе жатыр. Әз- Наурыз. Ұлыстың ұлы күні де жетер. Соған орай "Аламан" компаниясының атынан бір шараны қолға алмақпыз. Ұлына Кенесары деп ат қойған ОН сәбиге 400 мыңнан жөргекпұл береміз. 

Ол үшін төменде көрсетілген номердің (8771 236 77 04) вацабына баланың туу туралы куәлігін жіберулеріңіз керек. Баласына Кенесары деп ат қоятын ықыласты адамдар көп болуы мүмкін. Сондықтан алғашқы он адамға сыйақы беріледі. Болашақ Кенесарылар наурыз айында дүниеге келуі керек. Осындай қарапайым шарт. 

Енді Кенесары деген есімге келсек. Бұл есім әр қазақ үшін аяулы һәм ардақты. Азаттық жолында опат болған қаһарман. Орыс империясына қарсы тұрған батыр. Орыстың зеңбірегіне  кылышпен шапқан қасқыр жүректі Ер. Еркін өмір үшін жанын қиған асыл ердің есімін жаңғыртайық. Біздің ниет осы", деп жазды журналист ФБ парақшасына.

Нұрсейіт Жылқышыбай бұрын да осындай бастама көтеріп, Құнанбай есімді сәбилерге берген уәдесінде тұрған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кенесары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);